Соңғы жаңалықтар

МҰҒАЛІМДЕРГЕ ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК КӨРСЕТУ МАҚСАТЫНДА АУДАНДЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің тарих пәні әдіскері Сағынбек Ақмарал Мизамиденқызы «Жас мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру жобасы» аясында жас мұғалімдерге әдістемелік көмек беру мақсатында жас мұғалімдерге арналған «Сабақты жоспарлау» тақырыбында тұрақты әдістемелік семинар өткізді. Семинарға жас мұғалімдер, тәлімгерлер қатысты. Семинар барысында әдіскер А.Сағынбек жас мұғалімдердің толтырған «Сен сабақты қалай дайындайсың?» сауалнамасының қорытындысын жасап, «Сабақты жоспарлау» практикасы бойынша сабақты тиімді жоспарлау дегеніміз не, жоспарлауда қандай мәселелер бар, сабақтан кейінгі рефлекция, жоспардың оқу мақсатына сәйкестігін тексеру жұмыстарына нақты тоқталып өтті.Тәлімгерлердің жас мұғалімдермен бірге өткізген топтық жұмыстары сыныптарға жасалған күнтізбелік-тақырыптық жоспардағы күрделі тақырыптарға қысқа мерзімді жоспар жасау және әдіс алмасу жұмыстары бойынша жүргізілді. Б.Нұрлыбеков атындағы жалпы орта мектебінің жас мұғалімі Ә.Әбсамат, М.Исламқұлов атындағы жалпы орта мектебінің жас мұғалімі М.Серікбаев сабақты жоспарлау барысында қолданып жүрген әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Семинар барысында жас мұғалімдер жұптық, топтық жұмыстарының оқушыларға тиімді екенін атап көрсетті.

Қатысты жаңалықтар

«Күйеуімнен құтылдым»: Астаналық әйел Сара Амангелдімен көңіл қосқан бұрынғы жұбайы туралы айтты

azatmedia

ШЫМКЕНТ: 6 АЙДА ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚТАРДАН 1,3 МЛРД ТЕҢГЕ КӨЛЕМІНДЕ САЛЫҚ ТҮСКЕН

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЙЫ ТАКСИЛЕР ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ

azatmedia