Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА 4 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМІ ӨНДІРІЛГЕН

Қазақстан үшін ауылшаруашылық саласын дамыту өте маңызды. Аудан экономикасының негізгі салаларының бірі – ауыл шаруашылығы екенін ескерсек, бүгінде Ордабасы ауданы – Түркістан облысындағы ауылшаруашылығы дамыған аудандардың бірі болып отыр. Ауылшаруашылығы саласын көтеруде аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Биыл ауданда екі рет өнім алатын шаруашылықтың көлемін 505 гектарға ұлғайту көзделуде. Атап айтқанда, Ауданда екі айда ауыл шаруашылық саласында 4 млрд 797 млн 600 мың теңгенің өнімі өндірілген. Оның ішінде мал шаруашылығының өндірісі 3 млрд 837 млн 800 мың теңге, өсімдік шаруашылығының өндірісі 938 млн 800 мың теңгені құрайды. Сонымен қатар, өндірілген 3706,3 тонна еттің 1810,8 тоннасы ауыл шаруашылық кәсіпорындарға тиесілі. Ал, қалған өндіріс үлесі кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының, жеке азаматтардың еншісінде. Жалпы биыл ауданда 65774 гектар жерге ауылшаруашылығы дақылдарын егу жоспарлануда. Егін шаруашылығының өнімділігін арттыру мақсатында аудан көлемінде бір жерден екі рет өнім алатын 257 шаруашылықтың тізімі жасақталып, көлемін 505 гектарға ұлғайту көзделуде.

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанда азық-түлік тағы да қымбаттайды

azatmedia

Түркістан облысының ақ халаттылары бір тұрғынды алдап, екпе салып жіберген

azatmedia

Зайнутдинов ЦСКА сапына ауысты

azatmedia