Санатталмаған

ТҮРКІСТАН: СУ ТАСҚЫНЫНАН КЕЛГЕН ШЫҒЫН ТОЛЫҚ ӨТЕЛЕДІ

Мақтаарал ауданында орын алған төтенше жағдайға байланысты құрылған арнайы комиссия тасқыннан келген шығын көлемін есептеуде. Билік басшылары тасқын су орын алған ауылдардың халқымен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов тасқын су астында қалған ауылдардың тұрғындарымен жүздесті. Қауіпсіз аумаққа көшірілген халыққа Үкімет тарапынан нақты көмек көрсетілетінін атап көрсетті, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған AZATMEDIA.kz.

Түркістан облысындағы тасқынға байланысты құрылған мемлекеттік комиссияға топан судан келген шығынды есептеп, ауылдарды қалпына келтіру, инженерлік желілерді жөндеу және зардап шеккен халыққа әлеуметтік көмек көрсету жүктелген. Сонымен қатар, зардап шеккен ауыл азаматтарының әрқайсысына өтемақы төленеді.

Өзбекстанмен шекаралас орналасқан Мақтаарал ауданындағы 5 ауылдың 845 үйін су басты. Жеңіс, Өргебас, Достық, Жаңатұрмыс, Фирдоуси ауылдарындағы апатты жоюға мыңға жуық құтқарушы мен 200-дей техника тартылған. Сондай-ақ, су астында қалған ауылдардың кіреберісіне блок-бекеттер қойылып, жосып кеткен жұрттың дүние-мүлкін тәртіп сақшылары күзетуде.

Аудандағы 7639 гектар егіндік қызыл судың астында қалған. Бұл алқаптың басым бөлігіне мақта егілілген. Мамандар нақты шығын көлемін анықтау үстінде. Су алған ауылдардың іргесінде орналасқан тағы 5 елдімекенді облыс әкімдігі, облыстық Төтенше жағдайлар департаменті, ҚазСУШар және ауыл тұрғындарынан құралған волонтерлердің көмегімен су басу қаупінен шығарылды. Соның ішінде атап өтетін стратегиялық маңызы зор 14 мыңнан астам халқы бар Мырзакент елдімекені қызыл су басудан аман қалды.

Жерлестерімен жүздескен Мақтаарал ауданының әкімі әлеуметтік желілер, мессенджерлер мен БАҚ арқылы тарап жатқан су тасқыны жөніндегі түрлі бұрмалаушылықтарға қатысты өз пікірін білдірді.

«Халық дұрыс, яғни, ресми, шынайы ақпарат алуы керек. БАҚ-та, әсіресе әлеуметтік желілерде аумақтағы жағдайға қатысты елді дүрліктіретін жалған ақпараттар таралып жатыр. Ең бастысы, адам шығынынан аманбыз. Ал, шығындар есептеліп, толық өтеледі. Жан-жақтан көмек көрсетіп жатқан жерлестерімізге рақмет айтамын. Орын алған жағдайда жалпы жауапкершілік болуы қажет, соның ішінде журналистер де өз жұмысына жауапкершілікпен қараса екен»,-деді аудан басшысы.

Бақыт Асанов жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығын ескертті. Мақтаарал ауданындағы 24 эвакуация орындарындағы 3500-ге жуық тұрғынның бүгінгі жай-күйі бірқалыпты. Барлығы дерлік медициналық тексерістен өткізіліп, жатын орын менкөрпе-төсекпен тегіс қамтылған. Оларға күніне үш мезгіл тамақ үлестірілуде. Азық-түлік пен жеке бас гигиенасын сақтауға қажетті керек-жарақтың бәрі жеткізіліп берілуде. Ал, өзге де қажетті заттар мен азық-түлік түрлері әрбір эвакуация орындарына төтенше жағдайға байланысты жасақталған орталық қоймадантізім арқылы үлестірілуде. Эвакуация орындары боп бекітілген мектептер мен колледж, мешіттерде орналасқан тұрғындар осындай қиын-қыстау кезеңде қол ұшын созып жатқан мемлекет басшылығына, үкіметке, облыс, аудан басшылықтарына және барлық қазақстандықтарға шынайы алғыстарын айтуда.

#AzatMedia

 

 

 

 

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 64 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА ТҮРЛІ ДАҚЫЛДАР МЕН МАЛ АЗЫҒЫ ЕГІЛГЕН

azatmedia

КЕНТАУДА МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢДАРЫНЫҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

azatmedia

ШАРДАРА АУДАНЫНДА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ЖАЛҒАЙТЫН ЖАҢА ЖОЛ ТӨСЕЛІП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ, ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАРДЫҢ САПАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНЫП, ЖҰМЫС ЖАНДАНА ТҮСТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҮГЕРІНІ ТЕРЕҢ ӨҢДЕЙТІН ІРІ ЗАУЫТ САЛЫНУДА

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 ГЕКТАР АУМАҚТА ЕРЕКШЕ ЭКОПАРК САЛЫНЫП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру