Соңғы жаңалықтар

Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды

Краснадор

Краснодар өңірінде тұратын 35 жастағы блогер Марина Балмашева 21 жастағы өгей ұлынан қыз туды, деп хабарлайды Azat-media.kz ақпараттық порталы Neonomad сайтына сілтеме жасап.

Өткен жылы Марина Балмашева күтпеген жерден күйеуі Алексей Шавыринмен ажырасты. Олар 13 жыл бірге тұрып, жеті бала тәрбиелеп өсірді. Азаматтың 22 және 20 жастағы балалары болған, қалған бесеуін асырап алған.

Асырап алған қыздардың ішінде Даун синдромымен ауыратын қыз бар. Ажырасқан соң олардың барлығы ер адаммен қалды. Ерлі-зайыптының неке бұзуына Маринаның өгей ұлы Владимирмен көңіл жарастыруы себеп болған.

Life.ru мәліметінше, әйелдің әрекеті қоғамға жария болған соң, ол заң жүзінде жеті баласына ана болу құқығынан айырылған. Алайда ол өзін кінәлі сезінбейді.

Жүктілік туралы жаңалық Марина үшін жаңалық болды. Себебі, дәрігерлер осы күнге дейін оның балалы бола алмайтынын айтып келген.

Краснодар өңірінде тұратын блогердің өмірін Instagram парақшасында 400-ге жуық адам бақылап отырады.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ 316 КӨППӘТЕРЛІ ҮЙ ТҰРҒЫН ҮЙДІ БАСҚАРУДЫҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІНЕ КӨШТІ

azatmedia

МЫҢҒА ЖУЫҚ АЗАМАТ ШИПАЖАЙДА ТЕГІН ЕМ ҚАБЫЛДАДЫ

azatmedia

Нұр-Сұлтанда екпе алғандар арасында бағалы сыйлық ойнатылады

azatmedia