Басты жаңалықтар

Мектепке бөлінген 60 миллионды жымқырған шенеунік 7 жылға сотталып кетті

Ақтөбе облысында құрылыс басқармасының бұрынғы басшысы жеті жылға сотталды, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Бұрынғы шенеунікке «Ақ Саток» компаниясының директорымен бірлесіп Сағашилі ауылында мектеп құрылысына бөлінген 60,7 миллион теңге бюджет ақшасын жымқырды деген айып тағылды.

Іс материалдарына сүйенсек, басқарма басшысы өз лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланған. Ол жекеменшік компанияға мемлекеттік сатып алу келісімшарты бойынша жұмысты орындағаны үшін соманың 3%-ін негізсіз қайтарған. Қайтарған сома 22,4 миллион теңгені құрады. Бірақ компания нысандағы жұмыстың барлығын орындамаған.

Сонымен қатар, ер адам қызметтік міндетін атқару кезінде полицейлерге қоқан-лоққы жасады және төтенше жағдай режимі кезеңінде құқық қорғау органдарының талаптарына бағынбады деп айыпталды. Сот бұрынғы шенеунікті жеті жылға бас бостандығынан айырды. Енді ол мемлекеттік органдарда өмір бойы қызмет ете алмайды.

Ал оның сыбайласы – құрылыс фирмасының директоры алты жылға сотталды. Ол он жылға коммерциялық ұйымдарда жұмыс істеу құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қатысты жаңалықтар

Жұмыссыз қалған қазақстандықтар үшін жақсы жаңалық жарияланды

azatmedia

«Бөлінген ақша қайда?»: Мамин тез халыққа есеп берсін

azatmedia

«Сол кезде ауыр соққы алдым» – Ерболат неге еңкілдеп жылады (Видео)

azatmedia