Басты жаңалықтар

Қазақстанда 241 мұғалімнен коронавирус анықталды

мұғалім 11111

Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова мұғалімдер арасында коронавирус жұқтырудың 241 жағдайы тіркелгенін айтты, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«241 жағдай – мұғалімдер арасындағы жағдай. Бұл бүкіл ел бойынша, барлық 17 өңірде. Тергеу жүргізіліп, байланыста болған адамдар анықталып жатыр, ошақтарда эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатыр», – деді Есмағамбетова.

Сондай-ақ, оның айтуынша, кезекші сыныптарда оқитын 302 оқушыдан және қашықтан оқитын 740 оқушыдан коронавирус анықталған.

Қатысты жаңалықтар

Қазақша сөйлейтін орыс азаматы: елді «қазақтандыру» керек

azatmedia

Қазақстанда доллар қымбаттап жатыр

azatmedia

Белсенділер: Өскемен әкімдігі қызметкерлері жетімдерге тиесілі үйде тұрып жатыр (видео)

azatmedia

Пікір қалдыру