Басты жаңалықтар

Сакен Майғазиев: » Жүрегімнің ішіндегі жүрегім 27 күн короновируспен ауырды»

Saken maigaziev

Еліміздің белгілі эстрада жұлдызы, Қазақстанның еңбек сіңірген қоғам қайраткері Сакен Майғазиев өзінің әйелі жайлы инстаграм парақшасына «Әйелсіз үй үй ме» – деген пост жариялады деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Бірнеше ай бұрын «тәжтажал» өршіп тұрған кезде келіншегім #жүрегімніңішіндегіжүрегім коронавируспен 27 күн ауырды. 3 рет жедел жәрдем шакырттық.Өзім дем салып, өзім укол салып (дәрігерлер кеңесімен), маңдайынан иіскеп жүріп мен де бір күні мұрттай ұштым. «Жоқ Сәкен, сен жатсаң балаларыңның анасына кім қарайды?!» деп, АЛЛАның қалауымен бір күнде тұрып кеттім. Қорықпаңыздар, қазір бізде антидене бар. «Әкесі, сіз АЛЛАның қалауымен, балаларымыздың бағы үшін, менің бабым үшін тұрып кеткен сияқтысыз», – дейді анасы. АЛЛА тағала әже, аналарымызды, әпке-қарындастарымызды, жеңге-келіндерімізді, балаларымызды ауыртпасын. Әйелсіз үй үй ме…

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ТӨРІНДЕ АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ МӘДЕНИ КҮНДЕРІ БАСТАЛДЫ

azatmedia

Қазақтар мен күрдтер арасында жаппай төбелес болды (Видео)

azatmedia

Қырғызстанның Экс-президенті Алмазбек Атамбаев ұсталды

azatmedia

Пікір қалдыру