Соңғы жаңалықтар

Қырғызстан электр энергиясын Қазақстаннан алатын болды

Қырғызстанның вице-премьер-министрі Равшанбек Сабиров 2020 жылы Қазақстаннан 500 млн киловатт-сағат электр энергиясын сатып алатынын жеткізді, – деп хабарлайды Azatmedia.kz Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Ол мұны 5 қарашада өткен Жогорку Кеңештің отырысында айтты.

«Қазір өзіміздің Тоқтағұл су қоймасында 14,7 млрд текшеметр су бар. Бұл былтырғы жылға қарағанда 2 млрд текшеметрге аз. Үкімет тапсырмасына сәйкес, Қазақстанмен 300 млн кВт/сағат электр энергиясын алмасамыз. Бұдан бөлек Қазақстаннан жылдың соңына дейін киловатт-сағаты 2,4 центке 500 млн кВт/сағат электр энергиясын сатып аламыз», – деді Равшанбек Сабиров.

Осыған дейін «Электр станциялары» кәсіпорны Тоқтағұл су қоймасында биыл су аз деп мәлімдеп келген. Жалпы бұл су қоймасы 19 млрд 500 млн текшеметр суды сақтауға арналған.

Қатысты жаңалықтар

Сәкен Майғазиев: «Қорқыныш пен үміт араласқан көзқарасы жүрегімді дір еткізді»

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ КЕНЕГЕ ҚАРСЫ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ 20 МАУСЫМҒА ДЕЙІН ЖАЛҒАСАДЫ

azatmedia

«ШАҢЫРАҚ» ОРТАЛЫҒЫНАН ҚОЛДАУ ТАУЫП, КӘСІБІН АШҚАН

azatmedia

Пікір қалдыру