Соңғы жаңалықтар

ТҮЛКІБАСТЫҚ ШАРУАЛАР 54 365 ТОННА БИДАЙ МЕН АРПА ӨНІМДЕРІН ЖИНАП ОТЫР

Бидай әр гектарынан 22,4 центнер, ал арпа 22 центнерден өнім берген. Бұл жайынды бүгінгі аппараттық жиында аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Ж.Керімқұлов мәлімдеді.Аудан әкімі Нұрлан Байғұттың төрағалығымен өткен кезекті лездемелік жиында аудан аумағында коронавирус індетін алдын алу мен таралуына жол бермеу бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысы мен эпидемиологиялық жағдай, ауданның әлеуметтік -экономикалық дамуы және 8 – айдағы көрсеткіштердің қорытындысы мен 9 айдағы көрсеткіштердің болжамды және ауыл шаруашылығы саласында атқарылып жатқан жұмыстардың барысы және 8 – айдағы көрсеткіштердің орындалуы сынды мәселелер қаралды. Күн тәртібіндегі әр мәселе бойынша баяндамашыларды жіті тыңдап шыққан аудан басшысы жаман індеттің беті қайтқанымен босаңсуға жол бермеу керектігін алға тартып, мобильді топтар өз жұмысын күшейтілген түрде жалғастыру қажеттігін тапсырды. Ауылдық округ және кент әкімдеріне 1 қазанға дейін жер мен мүлік салығын толық жинап бітіру қажеттігін ескеріп, жауапты аумақтарындағы жол бойы мен көше бойларына сенбілік жұмыстарын ұйымдастыруды тапсырды. Тазалық пен қоқысты тастау тәртібіне мойынсұнбаған тұрғындарды айыппұлға тартуды ескерді. Және 9 айдың қорытындысымен жұмысты төмен деңгейде ұйымдастырған ауыл әкімдеріне тәртіптік жаза қолданылатындығын жасырмады. Сонымен қатар, жиынды пайдалана отырып Нұрлан Мархабатұлы қоғам ішінде тәртіп пен тұрақтылықты орнатуға өлшеусіз үлес қосып жүрген аудандық полиция бөлімінің басшысы Данияр Мейрханға «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалін табыстады.

Қатысты жаңалықтар

АКИМ ГОРОДА ПРОВЕРИЛ КАЧЕСТВО СТРОИТЕЛЬСТВА РАЗВЯЗКИ НА ПЕРЕСЕЧЕНИИ УЛИЦ РЫСКУЛОВА-КУНАЕВА

azatmedia

Мәжіліс депутаты белгілі журналисті бандитке теңеді

azatmedia

Танымал КВН жұлдызы жансақтау бөліміне түсті

azatmedia

Пікір қалдыру