Басты жаңалықтар

Атырауда мұнай-кен орындары сатылымға шығарылды (видео)

Мұнай

Энергетика министрілігі Атырау облысындағы 10 кен орнын алғаш рет электрондық аукционға шығарды, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы Астана  арнасына сілтеме жасап.

Қойны қара алтынға толы аумақтарды қазақстандықтармен қатар, шетелдіктер де ғаламтор арқылы ашық сатып ала алады. Ең арзан кен орнының құны – 4 млн АҚШ доллары. Ал инвестицияны қажет ететін Сарайшық учаскесі 57 млн-ға, Забурунье учаскесі 63 млн шетелдік валютаға бағаланыпты. 

– Жеке инвестор болсын, қазақстандық немесе шетелдік инвестор болса сатып алады. Бұрғылау жұмыстарын, өндіріс жұмыстарын өзі жүргізеді. Шетелдік және Қазақстан инвесторларынан 30 шақты арыз түскен, – дейді «Атамен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының мұнай-газ саласындағы ресми өкілі Асылбек Жәкиев. 

Сатып алушылардан да сұраныс түсіп жатқаны белгілі болды. Олар аукционға түсу жарнасы – 400 млн теңгені төлеп, түсуде. Қараша айының аяғында құжат тапсыру аяқталады. Ал жыл соңында электронды түрде ашық аукцион өтпек. Ұйымдастырушылар аукционның ашық өтуін әкімшілік кедергілерді жойып, бесекелестікті арттыруға көмектеседі деп отыр. 

Қатысты жаңалықтар

6 қазаннан бастап карантин талабы күшейеді

azatmedia

«Бөлінген ақша қайда?»: Мамин тез халыққа есеп берсін

azatmedia

Қазақстан коронавирустың екінші толқынына дайындалып жатыр – министр

azatmedia

Пікір қалдыру