Басты жаңалықтар

Тоқаев халыққа маңызды үндеу жасады

Токаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстан халқына үндеу жариялады, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы Sputnik.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

– Көптеген шет елдердегі коронавирус індетінің таралу жағдайы алаңдатарлық. Барлық жерде қатаң шаралар, оның ішінде, локдаун тәртібі қайта қабылданып жатыр. Қазақстандықтарды денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдарын ұстанып, карантин шараларын сақтауға шақырамын», – дейді Тоқаев.

Осылайша коронавирустың таралуы туралы айтқан мемлекет басшысы халықты сақ болуға шақырды.

– Үкімет бизнес пен экономиканың мүдделерін негізге ала отырып жұмыс істейді. Пандемияның бірінші толқынымен күрес тәжірибесі ескерілді. Әкімдерге эпидемиологиялық жағдайға орай шешім қабылдауды тапсырамын. Бірақ бар мәселе азаматтардың өзіне тікелей байланысты, – дейді мемлекет басшысы. 

Қатысты жаңалықтар

300 мың теңге. Кімдердің кредиті кешірілді?

azatmedia

Д.Қонаев атына орнатылған мүсін сынға ұшырады

azatmedia

Еліміздегі орташа жалақы – 211 мың теңге

azatmedia

Пікір қалдыру