Соңғы жаңалықтар

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ЕКІ БІРДЕЙ МЕКТЕПТІҢ ҚОСЫМША КОРПУС ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛЫП ОТЫР

Түлкібас ауданына қарасты Шақпақ-баба елді мекені мен Түлкібас кентінде халық санының артуына байланысты Бреусов мектебіне 200 оқушыға ал, Щевцов мектебінде 150 оқушыға арналған қосымша ғимарат құрылысы жүргізіліп, бүгінгі таңда өз мәресіне жетіп отыр. 2019 жылдың мамыр айында бастау алып, биылғы жылға өтпелі болған құрылыс жұмысы толығымен аяқталып ішіне қажетті құрылғылармен жабықтау жұмыстары іске асып жатыр.Бұл жерде білім алушы жастарға барлық жағдайлар жасалынған. Атап айтқанда жаңа ғимарат физика, химия, биология, астраномия, мультимедия, информатика сынды мамандандырылған кабинеттермен және заманауи шеберханамен қамтылған. Сондай-ақ, ішкі және сырқы әжетханаларымен қатар дабыл қағу, қауіпсіздік жүйелері де соңғы үлгіге сәйкес жасалынған. Бұдан бөлек ауданда демографиялық өсімге байланысты Жыланды ауылындағы О.Кошевой, Сеславино ауылындағы Сеславино, Мыңбай ауылындағы Жамбыл және Абай ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы мектептерге 150 орындық қосымша ғимарат құрылысы іске асуда. Аталмыш нысандардың құрылыс жұмыстары келесі жылға өтпелі.

Қатысты жаңалықтар

АКИМ ШЫМКЕНТА ПРИНЯЛ ПРЕДСТАВИТЕЛЕЙ ИЗРАИЛЬСКОЙ КОМПАНИИ

azatmedia

ШЫМКЕНТ: ҚАРАТАУ АУДАНЫ АЙМАҒЫНДА КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ БОЙЫНША МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

azatmedia

Безеуден құтылудың ең оңай тәсілі (Лайфхак)

azatmedia

Пікір қалдыру