Соңғы жаңалықтар

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 9 АЙДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ҚАРАЛДЫ

2020 жылдың 9 айының қорытындысымен аудан бюджетінің жергілікті кіріс бөлігінің жоспары 1905,9 млн. теңге болса, орындалуы 2018,0 млн. теңгені немесе 105,9 пайыз құрап отыр. Бұл жайында аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Есембаева Тамара бүгінгі аппараттық мәжілісте жасаған баяндамасында атап өтті. Аудан әкімі Нұрлан Мархабатұлының төрағалығымен өткен кезекті аппараттық жиында ауданның әлеуметтік -экономикалық дамуы және 9 айдағы көрсеткіштердің қорытындысымен қатар, ауыл шаруашылығы саласында атқарылып жатқан жұмыстар мен елді мекендердегі санитарлық тазалық жұмыстарының барысы күн тәртібіндегі басты мәселелер болды. Баяндамашыларды тындап болған соң жиынды қорытындылаған аудан басшысы 9 айдың қорытындысы бойынша индикаторлық көрсеткіштерді төмен деңгейде орындаған ауылдық округ, кент әкімдерін сынға алып, жұмысты жандандыруды тапсырды. Сонымен қатар, елді мекендердегі күл-қоқыс шашылып жатқан аумақтарда тазалық жұмыстарын осы аптаның ішінде аяқтауды тапсырып, ағаш көшеттерін егу жұмыстарын қарқындатуды жүктеді.Сондай-ақ, аудан әкімдігі жанынан коронавирус індетінің алдын алу мақсатында құрылған жұмысшы топтардың жұмысын күшейтуді тапсырып, бұл мәселелердің барлығын өз бақылауында ұстайтындығын жеткізді.

Қатысты жаңалықтар

«Қуат – Сабина» – спортшылардың арасында не бар?

azatmedia

ТҮЛКІБАСТЫҚ ЖАСӨСПІРІМГЕ 50 ДАНА ПЛАНШЕТ СЫЙҒА ТАРТТЫ

azatmedia

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ЕКІ БІРДЕЙ МЕКТЕПТІҢ ҚОСЫМША КОРПУС ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛЫП ОТЫР

azatmedia

Пікір қалдыру