Соңғы жаңалықтар

ЕЛ ТУРИЗМІН ДАМЫТУ ЖОЛЫНДА

Бүгін Түлкібас ауданына Қазақстандық агро және ауылдық туризм қауымдастығы қызметкерлері іс сапармен келді. Сапар мақсаты ауданымыздағы түрлі туристік нысандарды, шаруа қожалықтарын аралап, ішкі тыныс тіршілігімен танысу, тәжірибе алмасу, пандемия кезеңіндегі экономикалық тұрғыдағы қиындықтардан шығу жолдарын бірлесе қарастыру. Келген қонақтар ең алдымен «Ақсу-Жабағылы» МҰТҚ мұражайымен танысып, қорық қорғауына алынған аң-құстардың түрінің көптігіне таңдай қақты.Сосын «Көктал» алма өсіретін шаруа қожалығында болған қонақтар Түлкібас ауданының климаты алма өсіруге ыңғайлы екенін айтып, шаруа қожалықтарын да туристік нысанға айналдыруға, туризмнен де экономиканы нығайтуға болатынын жеткізді. Әрі қарай, «Кентау» жеміс-жидек сақтау қоймасының шаруашылығымен танысып, арнайы алма тазалау технологияларының жұмысына таң қалғандарын жасырмады. Шаруа қожалықтарымен танысып шыққан соң, Түлкібас ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік мектебі ғимаратындағы мәжіліс залында қазақстандық агро және ауылдық туризм қауымдастығымен Тулегенова Халида Нұрланқызы, АҚ «Қазақтуризм» бас маманы Аманбаев Бауыржан, вице-президенті Сетербаев Алмас Таңғытұлы алған әсерлерімен бөлісіп, баяндама жасады.Халида Нұрланқызы агро және ауылдық туристік бизнесімен айналысудың жолдары туралы түсіндіріп, ауданда туризмнің дамуына қолайлы жерлердің көптігіне тоқталып өтіп, өз бағдарламасын ұсынды. Аймақтың табиғи ерекшеліктерін тиімді пайдалану туралы баяндама жасаған Алмас Таңғытұлы «Түлкібас табиғаты мұншалықты көркем деп ойламадым» – деп таңданысын жеткізді. «Замир» қоғамдық бірлестігі төрағасы Егембердиев Рүстем Бейбітұлы Түлкібас ауданы туризм саласын дамыту мәселесі туралы айтып, ұсынысын ортаға салды. Мәжіліс қорытындысы бойынша аудан әкімі орынбасары Бауыржан Ахметов сөз алып, Түлкібас туризмінің тыныс-тіршілігіне оң бағасын беріп, алдағы уақытта ұсыныс-жоспарлар бойынша жұмыстар жасалатынын жеткізді.

Қатысты жаңалықтар

ШАЛҒАЙ АУДАНДАРҒА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖЕТКІЗІЛУДЕ

azatmedia

Елімізде малдың бағасы күрт қымбаттап кетті

azatmedia

Миллиардер өзінің жиған-тергенін қайырымдылыққа аударды

azatmedia

Пікір қалдыру