Соңғы жаңалықтар

ТҮЛКІБАС: ШЕТЕЛДІК МАМАНДАРДЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ

Облыс әкімі Ө.Шөкеев аграрлық саланы дамытуда қойып отырған міндеттерінің бірі – сүт өндірісін жолға қою болып табылады. Бұл міндетті біздің ауданда жүзеге асыру үшін қажетті факторлардың барлығы бар. Қазірдің өзінде аудан тұрғындарының арасында сүтті бағыттағы мал басын өсіру жұмысы қолға алынған. Күні кеше аудандық «Ауыл шаруашылығы» бөлімімен «Майлыкент Агро» ЖШС-нің және «Түлкібас агробизнес және саяхат» колледжінің ұйытқы болуымен карантин талаптарын сақтай отырып Украина мемлекетінен келген мамандармен тәжірибе алмасу семинар-кеңесі өтті. Шараның мақсаты озық технологияларды пайдалана отырып сүт өндіру бағытын дамыту. Тағылымы мол семинарға ауданымыздан сүт бағытындағы мал шаруашылығын дамытуға ниет білдіруші шаруалар қатысып, аталмыш бағыттағы кәсіпті дамытуға қажетті мәліметке қанық болды.Шара соңы аудандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен Украина елінен келген мамандар арасында сұрақ-жауап форматында жалғасты. Аталмыш шараны ұйымдастыруға ат салысқан «Майлыкент Агро» ЖШС-нің төрағасы Берік Жабатаев пен «Түлкібас агробизнес және саяхат» колледжінің басшылығына алғысымызды білдіреміз.

Қатысты жаңалықтар

Best Buy Shares Drop Nearly 8% as CEO Unveils New Financial Goals

azatmedia

Қажымұқан ұшағы қазір қайда?

azatmedia

Сәбиін ақшаға сатпақ болған…

azatmedia

Пікір қалдыру