Басты жаңалықтар

Коронавирустан емдейтін 12 түрлі дәрі жетпей тұр

СҚ Фарм

«СҚ-Фармация» қоймаларында коронавирустан емдейтін қордағы дәрінің 12 түрі жоқ. Бұл туралы «Астана – адалдық алаңы» жобасының жетекшісі Мирас Шекенов айтты, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, 26 қазанда «Астана – адалдық алаңы» жобасы аясында елордалық антикор қызметі, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, қалалық әкімдік, » ҚР «Фармацевтика қызметін қолдау және дамыту қауымдастығы» ЗТБ филиалының мамандары «СҚ-Фармация» ЖШС қоймаларындағы қорын тексерген.

Қазір 8,2 миллиард теңге тұратын дәрінің 44 түрін сатып алу процесі жүріп жатыр. Бұл ай ішінде 60 мың науқасты емдеуге көмектеседі. «СҚ-Фармацияның» мәліметінше, қорда 44 түрлі дәрі болу керек.

«Мониторинг тобы қоймада дәрінің 32 түрі сақталғанын анықтады. Қорда болуы тиіс 12 позиция жоқ, ал бес түрлі дәріні жеткізудің шарты мүлдем жоқ», – деді Мирас Шекенов. 

«СҚ-Фармация» өкілі А. Салиевтің айтуынша қорда болуы тиіс дәрілік зат осы жылдың 20 қарашасына дейін жеткізілуі керек», – деді Шекенов.

Қатысты жаңалықтар

Министр қазақстандықтардың табысын 304 мыңға дейін өсірудің жолын айтты

azatmedia

Президент коронавирус індетін жасырып отырғандарды әшкереледі

azatmedia

Мақпал Жүнісованың жас кезіндегі суреті көпшілікті сүйсіндірді (фото)

azatmedia

Пікір қалдыру