Басты жаңалықтар

«Дәрігерлер басынан 4 оқ алды» ­– Талдықорғандағы төбелес

Талдықорған

Azatmedia.kz. Талдықорған қаласы ПБ Шығыс ҚПБ кезекші бөліміне бассейн ауданындағы төбелес туралы хабарлама түскен.

Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Оқиға орнына жеткен полицейлер жастар арасында төбелес болғанын анықтады. Басына оқ тиген 21 жастағы жергілікті тұрғын ауруханаға жеткізілген.

Аталған дерек ҚР ҚК 293-бабының 3-бөлігі 2-тармағы (Бұзақылық) бойынша тіркелді.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде  оқ атқан күдіктіні бір сағат ішінде анықтап, ұстады.

Талдықорған қаласының 18 жастағы тұрғынынан тәртіп сақшылары пневматикалық тапанша тәркіледі. Ол кінәсін толық мойындады.

Ұсталған адам оқты бұзақылық ниетпен атқанын және оған қатты өкінетінін жеткізді. Облыстық ауруханада дәрігерлер жәбірленушінің басынан төрт оқ алған.

Сот-медициналық және басқа да қажетті сараптамалар тағайындалды.

Қатысты жаңалықтар

Тоқаев Шымкент қаласына көбірек инвестиция құюды тапсырды

azatmedia

Ринат Зайытов: Тоқал алуға шамам жетпей жүр

azatmedia

Ауыздан шығатын жағымсыз иістің алдын алу жолдары

azatmedia

Пікір қалдыру