Соңғы жаңалықтар

Алматы: Тудың іш киімдермен қатар тұрғаны халықтың шамына тиді

Azatmedia.kz. Алматы облысына қарасты Іргелі ауылдық округінің әкімдігі орналасқан екі қабатты ескі тұрғын үй журналист Гүлжанат Пірімбетованың шамына тиген. Ол мемлекеттік рәміз – көк тудың жуылған іш киімдермен қатар тұрғанына ашынды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Журналисттің айтуынша, әкімдік орналасқан ғимараттың іргетасы шөгіп кеткен, ал қабырғасы қирағалы тұр.

«Бұл Алматы облысы, Қарасай ауданы, Іргелі ауылдық округінің әкімдігі. Әкімдік іргетасы шөгіп, қабырғасы қирағалы тұрған ескі үйде орналасқан. Иә, үйде. Себебі төбесінде, яғни екінші қабатында жайылып тұрған триконың иесі отбасымен тұрады. Ал енді Көк тудың мәртебесі туралы айтып көр… Боратқа түк реніш, өкпе жоқ. Жай сол Боратпен көшеге ту көтеріп жалбырап жүріп күреспей-ақ, әкімдіктерде, мемлекеттік мекемелерде туды жуылған іш киім, майканың жанына ілмеуді үйренейікші… Балконның өзі қорқынышты, көп тұрсаң төбеңе бірдеңе құлап кетердей», – деп жазады ол.

Журналист әкімдікке ауылдағы су мәселесі бойынша халықпен бірге барған. Ол әкімдіктің жағдайын көрген соң, әрі қарай мектеп пен ауруханаға баруға қорқатынын айтады.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ОРЫНБАСАРЛАРЫНА ТАПСЫРМАЛАР БЕРДІ

azatmedia

Елімізде қарттарға біржолғы қаржылай көмек көрсетіледі

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ СПОРТ АЛАҢШАЛАРЫНЫҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

azatmedia

Пікір қалдыру