Басты жаңалықтар

Жириновский: «Бұрын мен тұрған көшені менің атыма беру керек»

Жириновский

Ресей мемлекеттік думасының депутаты Владимир Жириновский Алматыдағы Масанчи көшесінің өз есімімен аталғанын қалайды. Бұл туралы депутат Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында айтып өтті, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

«Алматы мен үшін туған қалам болып қала береді. Өйткені мен сол жерде дүниеге келдім. Мектептегі ең қызықты күндерім де сол қалада өтті. Негізі мен 1946 жылы 25 сәуірде дүниеге келіп, 1964 жылдың 3 шілдесінде Алматыдан кеттім. Сондағы үйім әлі күнге дейін тұр. Масанчи 79–да тұрған едім. Бір кездері бұл көше Дүнген деп аталды, нөмірі де басқаша болған. (67, 3-пәтер) Бұл көшеге менің атымды бергенін қалаймын. Тіпті, мектепке де менің атымды беруге болады. Себебі мен Ресейден шыққан әлемдегі ең танымал саясаткермін. Қазақстаннан шыққан деуге де болатын шығар. Өйткені сол жақтың тумасымын», – дейді Жириновский.

Қатысты жаңалықтар

Праймеризге қатысушылардың арасында жасы 80-нен асқан қария бар

azatmedia

Анасымен 55 жылдан кейін қауышты

azatmedia

Тәлім Trend-тен ТәлімTV-ге: Тазабеков жаңа арна ашпақ

azatmedia

Пікір қалдыру