Санатталмаған

САРБАЗДАР ТОЛАРСАҚТАН САЗ КЕШУДЕ

AzatMedia.kz. Мақтааралдағы техногендік апаттың салдарын жою үшін Шымкент қаласынан келген 35748 әскери бөлімі өздерінің кәсіби мерекелерінде толарсақтан саз кешіп, қызыл су басқан аймақтан табылды.

112 адамнан тұратын топты аталған әскери бөлім басшысының қару-жарақ жөніндегі орынбасары, подполковник Рахматулла Тасполаев бастап келіп, су астында қалған елдімекендерді тазалау және халыққа көмек беру жұмыстарын жүргізуде.
Жол талғамайтын 20 КаМАЗ техникасын ала келген әскери бөлім қызметкерлері мен ветеринарлық қызмет және әкімдік өкілдерімен бірге су басқан елдімекендер ішіне кіріп, аман қалған жан-жануарларды, заттарды халыққа жеткізуге көмек беріп жатыр. Бұл техниканың мал шығынын есептеуде де рөлі үлкен. Әскерилер адам аяғы бара алмайтын жерлерге кедергісіз барып, табылған мал өлекселерін құрғақ жерге тасуда. Соның дәлелі ретінде елдімекендерге топ-топпен бөлінген сарбаздар 6 күн бойы байлаулы тұрған бұзауды су құрсауынан аман алып шығып, ветеринар мамандарға табыстады.
Бұдан бөлек, мамандар Атакент ауылындағы көмек қолын қажет еткен қоймаларға барып жүк түсіруге де жәрдем беруде.
Қызу жұмысқа кіріскен мамандар күні кеше Өргебас ауылында 10 жүк көлігіне тиелген құмды қапқа салып, ұзындығы 1,5 шқ болатын дамба тұрғызды.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 64 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА ТҮРЛІ ДАҚЫЛДАР МЕН МАЛ АЗЫҒЫ ЕГІЛГЕН

azatmedia

КЕНТАУДА МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢДАРЫНЫҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

azatmedia

ШАРДАРА АУДАНЫНДА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ЖАЛҒАЙТЫН ЖАҢА ЖОЛ ТӨСЕЛІП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ, ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАРДЫҢ САПАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНЫП, ЖҰМЫС ЖАНДАНА ТҮСТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҮГЕРІНІ ТЕРЕҢ ӨҢДЕЙТІН ІРІ ЗАУЫТ САЛЫНУДА

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 ГЕКТАР АУМАҚТА ЕРЕКШЕ ЭКОПАРК САЛЫНЫП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру