Соңғы жаңалықтар

Оқушылар онлайн сабақты зиратта оқуға мәжбүр

Мектеп оқушысы үйінде байланыс ұстамағандықтан, жақын маңдағы зиратқа барып сабақ оқуға мәжбүр, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы The LadBible басылымына сілтеме жасап.

АҚШ-тың Колорадо штатында оқушы үйде интернет байланысы нашар болғандықтан зиратта онлайн режимінде оқуға мәжбүр болған. 15 жастағы Кармелита Раэль ата-анасымен бірге қыратта орналасқан ранчода тұрады. Байланыс нашар. Мектеп директоры спутниктік интернет қосқан. Алайда ол жаңбырлы күндері мен жел тұрған уақытта істемей қалады.

Өңірде интернет байланысы жақсы бір ғана орын бар. Ол – жергілікті зират. Оқушылар ол жерге мектеп карантинге жабылғалы сабақ оқуға барады.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, билік балаларға ноутбуктер таратқанымен, интернет байланысы нашар. Оның пайдасы тиіп жатқан жоқ. Ал жоғары жылдамдықты интернет антеннасын орнатуға 1,5 миллион доллар қажет.

Қатысты жаңалықтар

China’s Banking System Won’t Collapse, Former Bank Director Says

azatmedia

Әлемдегі ең бай адамның табысы 200 миллиард долларға жетті

azatmedia

Коронавирустың әлем елдеріне қанша шығын әкелгені есептелді

azatmedia

Пікір қалдыру