Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар мемлекеттік бағдарламамен кәсіп ашып, зор пайдаға кенеліп отыр

Ақмола облысының тұрғындары «Еңбек» бағдарламасы аясында өз кәсіптерін ашып, зор пайдаға кенеліп отыр, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Дина Ахметжанованың айтуынша, қыркүйектегі ахуал бойынша «Еңбек» бағдарламасы аясында кәсіпкерлік қызметті дамытуға 486 шағын несие және 540 грант берілген. «Бастау Бизнес» жобасы аясында 1120 адам кәсіпкерлік негіздерін үйренген.

Басқарма мәліметінше, Ақмола облысында 14 мыңнан астам адам «Еңбек» бағдарламасының қатысушысы болды. 10 мың адам еңбекпен қамтылды, оның 6,6 мыңы тұрақты жұмысқа, әлеуметтік жұмыс орындарына – 490 және қоғамдық жұмыстарға – 2884 адам орналасты. 786 қазақстандық жастар тәжірибесіне жолданды. Қысқамерзімді кәсіптік оқуға 702 адам тартылды, ал 1 қыркүйектен бастап облыста 9-11 сыныптардың 1190 түлегі техникалық және кәсіби орта білім орындарында оқуды бастады.

Жалпы еліміз бойынша осы жылы «Еңбек» бағдарламасына 430 мың адам қатысып, оларға түрлі қолдау шаралары көрсетілді. 279,8 мың адам жұмыспен қамтылса, оның ішінде 146,7 мың адам тұрақты жұмысқа кірді. 159,8 мың адам субсидияланатын жұмыс орындарымен қамтылды. Бизнес-идеяларды дамытуға 6,9 мың микрокредит және 20 мың қайтарымсыз грант берілді. 30 мың азамат кәсіпкерлік негіздеріне қысқамерзімді оқудан өтуде.

Қатысты жаңалықтар

ҚАЛА ӘКІМІ XXXII ЖАЗҒЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА ҚАТЫСАТЫН СПОРТШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

azatmedia

Мектептердің офлайн-оқуға оралуы үшін орындалуы тиіс шарттар аталды

azatmedia

ТАТУЛЫҒЫ ЖАРАСҚАН ШАТТЫҚҚА ТОЛЫ ШАҢЫРАҚТАР

azatmedia

Пікір қалдыру