Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда тағы бір өңір қатаң карантинге жабылды

Қазақстанда тағы бір аудан орталығы қатаң карантинге жабылды, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысындағы Булаево қаласы қатаң карантинге жабылған болатын. Енді аталған облыстағы Есіл ауданының орталығы Явленка елді мекеніне коронавирустың таралуына байланысты карантин шаралары енгізілді. Облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі Явленка ауылын жабу туралы қаулыға қол қойылғанын жеткізді. Есіл ауданының бас санитар дәрігерінің қаулысы бойынша Явленка ауылының тұрғындары үшін қатаң шектеулер 11 қазан сағат 00:00-ден бастап енгізілді. Ауыл тұрғындары үйінен жұмысқа, медициналық мекемелерге, дүкенге, дәріханаға, су әкелуге және басқа да шұғыл қажеттіліктер үшін ғана шыға алады.

«Автостанциялар мен ашық сауда базарларының жұмысы тоқтатылады. Явленка ауылына округ әкімі берген рұқсатнама болғанда ғана кіріп, шығуға рұқсат етіледі», – деп жазылған қаулыда.

Жерлеу шараларына 30 адамнан артық жиналуға болмайды. 2 метр арақашықтық пен маска режимі сақталуы шарт. Қазіргі уақытта Мамлют ауданының орталығы Мамлютка қаласында да карантин енгізу жоспарлануда.

«Мамлют ауданының бас санитар дәрігерінің Мамлютка қаласын карантинге жабу туралы қаулысы қол қоюға дайындалып жатыр», – деп нақтылады санитарлық ведомствоның баспасөз қызметі.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛЫНА 16 МЫҢ ТОННА ҚЫЗАНАҚ ПЕН ҚИЯР ӨСІРЕТІН ЖЫЛЫЖАЙ БАР

azatmedia

Қажымұқан қандай болған?

azatmedia

АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚ КӘСІПОРЫНДАРЫ «ЕҢБЕК» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ЖҰМЫС КҮШІМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру