Соңғы жаңалықтар

Сарапшы WhatsApp-та өшірілген хатты оқудың тың тәсілімен бөлісті

WhatsApp мессенджерінде сөйлесіп жатқан адамның қандай да бір себептермен өшіріп тастаған хатын арнайы бағдарламалар арқылы оқуға болады, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Бұл туралы «Синергия» университетінің ақпараттық технологиялар институты директорының орынбасары Антон Аверин айтып берді.

Кейде WhatsApp-та хат алмасу кезінде әңгімелесуші бір себептермен сізге жазған хатын өшіріп тастайтын жағдайлар болады. Маманның айтуынша, арнайы бағдарламалардың көмегімен жойылған хатты оқуға мүмкіндік бар.

«Жойылған хабарламаларды қалпына келтіретін бағдарламалардың көбін тек Android операциялық жүйесі бар смартфондарға орнатуға болады. Өшірілген хатты оқуға мүмкіндік беретін танымал бағдарламалардың бірі Notif log notification history деп аталады», – деді сарапшы.

Бұған дейін WhatsApp-та жаңа функция іске қосылғаны хабарланған еді. Мессенджердің iOS-қа арналған жаңартылған нұсқасында QR-кодты анықтау функциясы пайда болды. Жаңа опцияның арқасында қолданушылар телефон нөмірі шифрланған жеке кодты бөлісе алады. Бұл комбинацияны алған соң сканерлеп, адамның нөмірін телефонға сақтайсыз.

Қатысты жаңалықтар

АКИМ ГОРОДА ОЗНАКОМИЛСЯ СО СТРОИТЕЛЬСТВОМ МНОГОЭТАЖНЫХ ЖИЛЫХ ДОМОВ

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ БАЙЛАНЫС АНТЕННАЛАРЫН ОРНАТАТЫН 11 ЖЕР ТЕЛІМІ АНЫҚТАЛДЫ

azatmedia

Түлкібас: Састөбе кентінің ажары артып келеді

azatmedia

Пікір қалдыру