Соңғы жаңалықтар

Дональд Трамп өзінің ауыруына Қытайды кінәлі деп санайды

Дональд Трамп  коронавирустың таралуына Қытайды айыптады, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Бұл туралы АҚШ президенті Twitter-де жарияланған бейне-хабарламасында мәлімдеген.

«Бұл – Қытайдың қателігі. Қытай біздің елмен және әлеммен жасаған істері үшін әлі жауап береді», — деді Америка президенті.

Бұған дейін Трамп бірнеше рет Сovid-19-ды «Қытай вирусы» немесе «Ухань вирусы» деп атаған. Бұл азаматтық бостандықты қорғаушылардың наразылығын тудырды. Олар мұндай сөздер тегі азиялық америкалықтарға қатысты нәсілшілдік пен зорлық-зомбылықтың өршуіне әкелуі мүмкін деп санайды.

2 қазан күні АҚШ президентінің коронавирусқа шалдыққаны белгілі болған. Оның жұбайы Мелания Трамптан да аталған вирус анықталды. Бірнеше күннен кейін президент ағзасынан инфекцияға қарсы антидене табылған. Қазіргі уақытта Дональд Трамптың жағдайы жақсы. Ауру белгілері байқалмайды.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ЕКІНШІ РЕТ «АЛТЫН ТҮЙМЕ» БЕЛГІСІНЕ ИЕ БОЛДЫ

azatmedia

Медициналық ем қабылдауда қиындық туындамайды

azatmedia

Масканың сапасын қарапайым оттықпен тексеруге болады

azatmedia

Пікір қалдыру