Басты жаңалықтар

Сәкен Майғазиев: «Ез еркектер, естеріңді жиыңдар!»

Әнші Сәкен Майғазиев ұлдарын аяусыз соққыға жыққан әкеге қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

 Әнші өзінің инстаграм әлеуметтік желісіндегі парақшасына бала кезде әкесінен емес ағаларынан таяқ жеп өскенін жазады. «Әкеміз марқұм ұрмақ түгілі дауыс көтеріп көрмепті. Бала болып бірдеңе бүлдірсек бір күрсінетін де қоятын. Ал әкеміздің бір ауыр күрсінгені өңменіңнен өтіп, сай сүйегіңді сырқыратып жіберетін» дейді.

Сонымен қатар Сәкен Майғазиев әйеліне қол жұмсап, баласының басына әңгір таяқ ойнататын ащы суға берілген әкелерді ережесіз жекпе-жек батырларымен жеке қалдырса ғой деп күйінеді. «Не ексең соны орасың. Әлсіздерге ғана әлі жететін ез еркектер, естеріңді жиыңдар! Есейгенде онсыз да өмірден «таяқ жейтін» өрімдей өрендердің балалық шағына балта шаппайықшы, бауырларым» деп жазды әнші.

Айта кету керек, бұған дейін ұлдарын аяусыз соққыға жыққан әкеге қатысты тың дерек шыққан болатын.

Қатысты жаңалықтар

Коронавирустың екінші толқыны біршама жеңіл өтеді – эпидемиолог

azatmedia

Кәрім Мәсімов Нурмагомедовті жеңісімен құттықтады (Видео)

azatmedia

Жұмыссыз қалған қазақстандықтар үшін жақсы жаңалық жарияланды

azatmedia

Пікір қалдыру