Соңғы жаңалықтар

Түркістан: Тұрбат ауылдық округі көгілдір отынмен толық қамтылады

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Тұрбат ауылдық округі алдағы уақытта толықтай көгілдір отынмен қамтылады, – деп хабарлайды  Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Тұрбат ауылдық округіне қарасты төрт елді мекен бар. Олар – Тұрбат, Еңбек, Қызылдихан, Өндіріс ауылдары. Олардың ішінде Еңбек, Қызылдихан, Өндіріс ауылдары көгілдір отынмен толық қамтылған. Осы уақытқа дейін аталған ауылдарда табиғи газға қатысты ешбір мәселенің болмағанын айта кеткен дұрыс.

Ал Тұрбатқа газ енді келеді. Қазіргі уақытта дайындық жұмыстары жоғары деңгейде жүріп жатыр. Жуық арада ауыл халқына көгілдір отын беріліп, біраз уақыттан бері күн тәртібінде тұрған күрделі мәселе шешімін таппақ.

«Газ құбыралары жүргізіліп, осы жыл толық тексеруен өткізіледі. Жалпы Табиғи газбен қамтамасыз етуге дайын.  Құрылыс жеке кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындарының, сондай-ақ демеушілердің есебінен жүргізілді. Ендігі кезекте «КазТрансГаз»-дан  рұқсат алынса, табиғи газ беріледі» – дейді Тұрбат ауылдық округінің әкімі Атымтаев Сәкен Раманқұлұлы.

Бастама толық жүзеге асса, Тұрбат ауылдық округінде табиғи газ мәселесі толық шешіледі. Қазіргі уақытта жергілікті әкімдік осы бағытта жұмыс істеп жатыр.

Қатысты жаңалықтар

State Bank of India Is Most Trusted and Popular Bank in India

azatmedia

«БАЛАБАҚША ТӘРБИЕШІЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫН КӨБЕЙТІП, ЖҮКТЕМЕСІН АЗАЙТУ КӨЗДЕЛІП ОТЫР»

azatmedia

Түркістан: Қызылтаң жалпы орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді

azatmedia

Пікір қалдыру