Шоу-бизнес

Ләйлә Сұлтанқызы: «Қышып кетті…»

Ләйлә Сұлтанқызы

Azatmedia.kz. Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы инстаграм парақшасында эфир сыртындағы қызықтарымен бөлісті.

Тележүргізуші өзінің Алматыда бағдарлама түсіріп жатқанын жазған. «Сұхбатқа келген алдымдағы қонаққа гүл сыйлады. Дәл сол гүлге аллергиям бар. Жоба ұйымдастырушыларының жоспары бойынша ол гүл қонақ екеуміздің ортамызда тұруы керек. Құрғыр, мұрным қышып, түшкіргім кеп барады. «Мына гүлді астына қоя салайын, иә?» – десем, сұхбат беруші де алдымда тұрсыншы деп қоймайды» деп жазды тележүргізуші.

Сонымен қатар: «Эфир/запись кезінде ең жаманы не, айтайын ба? – Жауырын қышуы.
Қасынайын десең, 1040 адамнан бөлек үлкен-үлкен 9 камераның назары сенде. Қасынбайын десең, өлтіріп бара жатыр. Қолың да жетпейді ғой тағы.
Еркінсіп, эфирде қалауыңды орындай алмайсың. Қанша адам еңбек етіп, алдыңда қанша қадірлі қонақ отыр», – дейді Ләйлә Сұлтанқызы.

Аталған жазбаға пікір қалдырғандардың денін тележүргізушінің сымбаты мен сұлулығы тәнті еткен.  

Қатысты жаңалықтар

Аша Матай алғаш рет көпшілікке қызын көрсетті

azatmedia

«Жасырмаймын» – Әнші Дастан Оразбеков кешірім сұрады

azatmedia

82 жасында үйленген Нұрғали Нүсіпжановтың ұлды болғаны рас па (видео)

azatmedia

Пікір қалдыру