Соңғы жаңалықтар

Көпбалалы отбасыларға 44 532 теңгеден бастап беріліп жатыр

Жыл басынан бері 390 мың отбасыға көпбалалы отбасыларға арналған мемлекеттік жәрдемақы бойынша 153,3 миллиард теңге берілді, – деп хабарлайды  Azatmedia.kz ақпараттық порталы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Аталған жәрдемақыға 4 және одан көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады. Төлем мөлшері балалардың санына байланысты белгіленеді. Мәселен, 44 532 теңгеден (4 бала) 77 951 (7 бала) дейін, 8 және одан кейінгі әр балаға 4 АЕК-ден сараланған. Аталған заңға Мемлекет басшысы биыл 13 мамырда қол қойған болатын.

Бұдан бөлек, 8 баласы барлар мемлекеттен 88 896 теңге, 9 баласы барлар 100 008 теңге, 10 баласы барлар 111 120 теңге, 11 баласы барлар 122 232 теңге, 12 баласы барлар 133 344 теңге, 13 баласы барлар 144 456 теңге, 14 баласы барлар 155 568 теңге, 15 баласы барлар 166 680 теңге, 16 баласы барлар 177 792 теңге ала алады.

Айта кету керек, 2020 жылы көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге республикалық бюджеттен 191,1 миллиард теңге қарастырылған.  

Қатысты жаңалықтар

ШОК! Мұны білмесеңіз, 8 миллион теңге несиені 34 миллион теңге қылып қайтаруыңыз мүмкін

azatmedia

Ең бай 50 адамның дәулеті ел халқының жартысы жиған байлыққа тең

azatmedia

ҒАЛЫМЖАН ИЛЬЯСОВ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру