Соңғы жаңалықтар

Коронавирусқа шалдыққандар саны 30 миллионнан асты

Әлемде коронавирусқа шалдыққандар саны 30 миллионнан асты, – деп хабарлайды  Azatmedia.kz ақпараттық порталы Джон Хопкинс университетінің сайтына сілтеме жасап.

Сайт мәліметінше, таңғы 05:00-дегі көрсеткіштер бойынша әлемдегі коронавирусқа шылдыққандар саны 30 миллионнан асты. Оның ішінде 20,39 миллион адам аурудан жазылып шықса, 943 203 адам қайтыс болған.

Коронавирус инфекциясына шалдыққандар саны бойынша АҚШ бірінші орында (6,66 миллион адам). Екінші орында Үндістан (5,11 миллион) болса, үшінші орында Бразилия (4,41 миллион) тұр. Ал Ресейде 1,08 миллион, Перуде 774 мың адам аталған вируспен тіркелген.

Айта кету керек, коронавирусқа шалдыққан алғашқы адам 2019 жылы желтоқсан айында Қытайдың Ухань қаласында тіркелген болатын.

Қатысты жаңалықтар

Қажымұқан қандай болған?

azatmedia

Мақсат – айқын, қызмет – қауырт!..

azatmedia

Члены партии AMANAT встретились с жителями жилого массива Орманшы и коллективом школы №74

azatmedia

Пікір қалдыру