Басты жаңалықтар

Бүгін 8 облыста дауылды ескерту жарияланды

Погода

18 қыркүйекке Қазақстанның 8 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

18 қыркүйекте Ақмола облысында кей жерде бұршақ, түнде және таңертең кей жерде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерде 15-20 м/с, түнде және таңертең екпіні 23 м/с күтіледі. Көкшетау қаласында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15 м/с күтіледі. Нұр-Сұлтан қаласында солтүстік- батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күшейеді, – делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.

Дауылды ескертудің ықтималдығы – 85-90%.

18 қыркүйекте күндіз Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі күтіледі, – деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Дауылды ескертудің ықтималдығы – 90-100%.

18-19 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батыс бағытына ауысады, кей жерде күші 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қаласында 18-19 қыркүйекте солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батыс бағытына ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі, – деді сарапшылар.

Дауылдың ықтималдығы – 90-95%.

18 қыркүйекте Қарағанды облысының кей жерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерінде күші 15-20, түнде екпіні 23 м/с күтіледі. Қарағанды қаласында батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі, – деп ескертті метеорологтар.

Дауылды ескертудің ықтималдығы – 70-75%.

18 қыркүйекте Қостанай облысының кей жерінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерінде 15-20 м/с жетеді, – деп жазды баспасөз қызметі.

Дауылды ескертудің ықтималдығы – 90-95%.

18 қыркүйекте түнде Түркістан облысының кей жерінде шаңды дауыл, батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі», – деді синоптиктер.

Дауылды ескертудің ықтималдығы – 90-95%.

18 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында найзағай, оңтүстік-батыстан соққан жел батысқа ауысып, кей жерде 15-20, екпіні 23 м/с жетеді. Өскемен қаласында 18 қыркүйекте 15-20 м/с жел тұрады. Семей қаласында 18 қыркүйекте 15-20 м/с жел күтіледі. Семейде 15-20 м/с жел тұрады, – деп хабарлады «Қазгидромет».

 Дауылдың ықтималдығы – 90-95%.

Күндіз 18 қыркүйекте Маңғыстау облысының кей жерінде шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан, күндіз кей жерде 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қалаында күндіз жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан, екпіні 18 м/с күтіледі, – делінген хабарда.

Қатысты жаңалықтар

Қазақстандық депутат ЖОО-да тегін білім беруді ұсынды

azatmedia

ТҮРКІСТАН ЭКОНОМИКАСЫН ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДА ҚЫТАЙ КОМПАНИЯЛАРЫМЕН МЕМОРАНДУМДАР ЖАСАЛДЫ

azatmedia

Құс тұмауы адамға жұға ма? – министрлік жауабы

azatmedia

Пікір қалдыру