Соңғы жаңалықтар

Миллиардер өзінің жиған-тергенін қайырымдылыққа аударды

Миллиардер өзінің жиған-тергенін қайырымдылыққа аударды, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

«Duty Free Shoppers» дүкендер желісінің негізін қалаушы америкалық кәсіпкер Чак Фини 8 миллиард долларын қайырымдылыққа жұмсаған. Осылайша Фини өзінің 38 жылдан бері істеп келе жатқан «Atlantic Philanthropies» қайырымдылық қорын жапты. Ол жасаған қайырымдылық шараларының көп бөлігін анонимді түрден жүзеге асырған.

Фонд негізінен денсаулық сақтау саласын, ғылыми зерттеу және құқық қорғау ісіне қаржы құйған. Сонымен қатар ОАР-да СПИД-пен күресу бағдарламасына қолдау көрсетіп, Ирландия университеттерінің дамуына үлес қосқан. Ең соңғы қайырымдылық шарасы 2016 жылы жасалған. Содант бастап бірте-бірте жабыла бастаған. 2012 жылы Фини өз дәулетін шамамен 2 миллиард долларға бағалап, бұл ақшаның өзі мен жұбайына жететінін мәлімдеген болатын.

Қатысты жаңалықтар

ҚАҢҒЫБАС ИТ ПЕН МЫСЫҚТЫ КАСТРАЦИЯЛАУ ОЛАРДАН ТӨНЕТІН ҚАУІПТІ АЗАЙТАДЫ

azatmedia

КАКАЯ ШКОЛА ВЫИГРАЛА 20 МЛН ТЕНГЕ ШАХМАТНОГО ТУРНИРА?

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ «ДОНОР БОЛ! ӨЗГЕГЕ ӨМІР СЫЙЛА!» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

azatmedia

Пікір қалдыру