Соңғы жаңалықтар

Леңгірде Әл-Фарабидің алып суреті пайда болды

Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Леңгір қаласындағы көпқабатты тұрғын үйдің қабырғасына Әл-Фарабидің суреті салынып жатыр, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Ресми мәліметке сүйенсек, аталған тұрғын үйге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мердігер мекеме – «Энергосервисстрой» ЖК. Ал сурет мердігер мекеменің демеушілігімен «Түркістан – адалдық алаңы» жобасы аясында салынып жатыр.

Бұған дейін Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау қалаларында көпқабатты тұрғын үйлердің қабырғаларына суреттер салынған болатын.

Айта кету керек, биыл Әл-Фарабидің 1150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтуде. Салынған сурет бір жағынан осы бір маңызды мерейтойдың мәнін арттырған бастама болды деуге болады.

Қатысты жаңалықтар

Түркістан Токиодағы олимпиадаға дайын

azatmedia

Еліміздегі жастардың жартысына жуығы шетелге толықтай кетуді жоспарлап жүр

azatmedia

Карантин талаптарын бұзған азамат 569 мың доллар айыппұл арқалады

azatmedia

Пікір қалдыру