Санатталмаған

САРЫАҒАШТЫҚ ЖАСТАР 60 ОТБАСЫНА КӨМЕК КӨРСЕТТІ

ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев COVID-19 коронавирусы Елімізде пайда болғаннан бастап, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында 2020 жылдың 15 наурыз күні Қазақстан Республикасының барлық аумағында  Төтенше жағдай енгізу туралы қаулыға қол қойды. Төтенше жағдай кезінде ірі сауда объектілерінің, ойын-сауық орталықтарының жұмыс істеуіне және көптеген салалармен адамдардың жүріс-тұрыстарына шектеулер қойылды.

Осыған орай, Сарыағаш аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Мейірімді көршілер» акция-челленджі бастау алды. Акция-челлендждің мақсаты: Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты жағдайы төмен отбасыларға, жалғызілікті қарттарға, жалғыз басты аналарға, мүмкіндігі шектеулі тұрғындарға рақымшылдық көрсетіп, жақсылық жасау.

Қазіргі уақытта жастардың дені имандылыққа, қайырымдылыққа, нұрландыруға, ізгі іс жасауға жаны құмар. Жақсы ниет жақсылыққа жетелейтіні сөзсіз. Қайырымды жандардың демеушілігімен аудандағы жалғыз басты аналар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, тұрмыс жағдайы төмен 20 отбасына азық-түлік, қажетті заттар үлестірді. Акция-челленджге демеушілік танытқан Сарыағаш ауданының жас кәсіпкерлері Жантас Жалелұлы Андасбаев, Ахан Әбдіжаппарұлы Рахымбердиев, Мұхтар Әбдіжаппарұлы Мияновтарға тұрғындар  өз алғыстарын білдірді.

Аталмыш акция-челленджді жалғастыру мақсатында Сарыағаш аудандық Жастар ресурстық орталығы Сарыағаш ауданының барша кәсіпкерілерін қолдау көрсетуге шақырған болатын. Қиын сәтке көз жұма қарай алмайтын жастардың қатары артып, аталған акция-челленджді Сарыағаш ауданы, Қызылжар ауылдық округінің ерікті жастары жалғастырды. Ерікті жастар акция-челлендж аясында Қызылжар ауылдық округіндегі тұрмысы жағдайы төмен сондай-ақ, көп балалы 40 отбасына азық-түлік, қажетті заттарды үлестірді.

Осындай қасиеттерімен, өзінің жүрек тазалығы мен ой тазалығын егіз ұстап, ел қамы үшін игілікті істер атқаратын арда азаматтарымыз біріксе, қоғамдық ой-сана мен дүние-танымдық өреге де, азаматтық деңгейде ықпал етеді. Жиған малды ғана ойламай, иманды да ойлап, өз мүддесін ұлт мүддесі жолына бағыштағандықтан, дәулетін де жұртқа пайдалы іске жұмсайды, есімдері де ел есінде мәңгі сақталады. Расында, мұқтаждың қажетін өтеп, жетім-жесірге қамқор болу, жағдайы төмен жандарға көмек қолын созу қайырлы іс екені көпке белгілі. Демек, жоқ-жітікті қаржылай қолдап, дем беріп отырған дәулетті азаматтарды ендігі жерде «бай-манап» емес, «Атымтай Жомарт», ақ жүрек деп атасақ артық айтқандық емес. Басындағы байлығымен бұқараға болысып, қарашаның қамын ойлаған қалталы азаматтар қазір де жетерлік. Жомарттықты жолдас, мәрттікті жанына серік ете білген азаматтар көз алдымызда жүр. Ал ықылым заманнан «оң қолың бергенді сол қолың білмесін» дейтін қағиданы қатаң ұстанған халық жасаған жақсылығын жасырып қалуға тырысқан. Мұндай азаматтардың атын атап, ел-халыққа таныстырсақ ғана қайырымдылықтың дамуына жаңа серпін, жаңа екпін береріміз анық.

                                                                                                      

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 64 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА ТҮРЛІ ДАҚЫЛДАР МЕН МАЛ АЗЫҒЫ ЕГІЛГЕН

azatmedia

КЕНТАУДА МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢДАРЫНЫҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

azatmedia

ШАРДАРА АУДАНЫНДА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ЖАЛҒАЙТЫН ЖАҢА ЖОЛ ТӨСЕЛІП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ, ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАРДЫҢ САПАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНЫП, ЖҰМЫС ЖАНДАНА ТҮСТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҮГЕРІНІ ТЕРЕҢ ӨҢДЕЙТІН ІРІ ЗАУЫТ САЛЫНУДА

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 ГЕКТАР АУМАҚТА ЕРЕКШЕ ЭКОПАРК САЛЫНЫП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру