Шоу-бизнес

Эстрада жұлдыздары төсек қатынасы арқылы ән ақысын төлей ме?

Есебаев

Бауыржан Есебаев бірнеше хит әндердің авторы. Ән әуенін ғана емес, әнге сөз жазады. Алайда бүгінде сазгерге тапсырып беретіндердің қарасы азайған. Оның өзіндік себептері бар. Ал, әншілік жолға еңбекпен де, арзан жолмен де келетін әншілер көп дейді сазгер, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы  «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына сілтеме жасап.

«Бұл бұрын да болған, қазір де бар. Тек көпшілігі мойындамайды. Мәселен, әннің өтемін төсек арқылы өтеу. Төсек қатынасын ұсына отырып, ән жаздыру. Немесе ән жазып бере алатын қалталы азаматтарға сатылу деген сияқты. Маған да ән орнына төсек ұсынған қыздар бар. Олардың атын атамаймын. Мен дәл осындай арзан жолдан аулақ болуға шақырдым. Бұндай жолды таңдамай, керісінше ауыр болса да өзің еңбектен дегенді жеткіздім. Ал, телеарналар менің сөзімді монтаждап, төсек арқылу танылуға болады деп көрсеткен. Мені сондай арсыздыққа үйреткен адам секілді көрсетіпті», – деп күйінді композитор «Уақыт көрсетеді» бағдарламасында.

Сазгердің айтуынша, өзінің қаламақысы 10 мың доллар. Оның ішінді ән жазудың барлық процесі бар. Мәтінін жазу, әнін жазу, оранжировкасын жазу, әншіге дайын етіп беру секілді жұмыстар атқарылады.

«Мен өзіме тапсырыс келмесін деп бағаны осылай көтеріп қойдым. Себебі ән жазу жауапкершілік. Оны кім орындайды, қалай орындайды, бәріне жауапкершілік артады. Маған тапсырыс аз болсын деп қаламақыны көтеріп қойдым. Сондықтан да маған ешкім 10 мың долларға ән жаздырған емес. Себебі 50 мың теңгеге, 100 мың теңгеге басқаларға ән жаздыра салады», – деді Есебаев.

Қатысты жаңалықтар

Танымал қазақстандық жұлдыздың биі жұртты шошытты

azatmedia

«Ойлаудың өзі қорқынышты» – Белгілі актрисаның жазбасы елді ойландырып тастады

azatmedia

Алла Пугачева мен Галкин ажырасып жатыр

azatmedia

Пікір қалдыру