Соңғы жаңалықтар

Арқасына пышақ қадалған нәресте табылды

Көшенің қақ ортасынан полиэтилен пакетіне салынған бала табылды. Оның ұсақ жарақаты көп, ал арқасына пышақ қадалған, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Оқиға Аргентинада болған. Баланы денешынықтыру жаттықтырушысы тауып алған. Ол көше бойымен кетіп бара жатып, жылаған баланың дауысын естіп келеді. Аргентиналық оны алып, жақын маңдағы полиция бөлімшесіне алып барған.

Шұғыл медициналық көмектің арқасында бала аман қалды. Дәрігерлердің айтуынша, баланың туылғанына небәрі 2 күн ғана болған. Денесінде жарақаты көп. Дегенмен ішкі ағзаға зақым тимеген. Баланың атын Эсперанса («үміт» деген мағынаны білдіреді) деп қойды.

Баланың анасы табылып, құрықталды. Оның жазалануы яки жазаланбауы әлі белгісіз.

Қатысты жаңалықтар

Қарапайым тұрғын лотереядан 200 мың доллар ұтып алды

azatmedia

Енді жаяу жүріп-ақ ақша табуға болады

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ МЕН «ХИКВИЖН ҚАЗАҚСТАН» КОМПАНИЯСЫ АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру