Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар Жапония мен Оңтүстік Кореядағы тайфуннан қалай аман қалды (фото, видео)

Тайфун

Жапония мен Оңтүстік Кореядағы қазақстандықтар табиғат апатынан қалай аман-есен қалғандарын айтты. Өткен демалыс күндері екі елде «Хайшен» тайфуны соқты деп жазады Azatmedia.kz ақпараттық порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Оңтүстік Кореяның Ульсан қаласы қуатты Хайшен тайфунынан зардап шекті. Онда желдің екпіні 125 км/ сағатқа жеткені белгілі болды.

Табиғат апаты салдарынан қауіптің ең жоғары деңгейі жарияланып, мыңдаған адамдар эвакуацияланды және жүздеген рейстер тоқтатылды.

Қазақстандық Диана Сағиева 6 жылдан бері Оңтүстік Кореяда тұрып жатыр. Ол табиғаттың «тосын мінезіне» үйреніп қалғанын жасырмады.

Отандасымыздың айтуынша, бұл осы жылдың оныншы тайфуны екен.

Қатты жел ағаштарды сындырып, электр сымдарына зияны келтіргенімен, жауапты қызметтер апат салдарын тез арады жойып үлгерді.

«Тайфунға үйреніп қалдық. Кореяда біз ешнәрседен қорықпаймыз», – деді Диана.

Тайфун Оңтүстік Кореяның жағалауына Жапониядан келді, онда табиғат апаты салдарынан 4 адам қайтыс болып және тағы ондаған адам жарақат алды.

«Бұл жолы Жапонияның метеорологиялық агенттігі қауіптің ең жоғары деңгейі туралы мәлімдеме жасаған жоқ», – деді отандасымыз Сәнім Аленова.

Күншығыс елінің билігі 7,5 миллионға жуық тұрғынға эвакуация жасауды тапсырды, бірақ адамдардың барлығы арнайы баспанаға тығылы алмайтыны да айтылды. Пандемия болғандықтан, олардағы орындар шектеулі.

«Қазір аралда мектептер, фабрикалар, дүкендер жұмыс істемейді», – деді қазақстандық.

Қатысты жаңалықтар

В ЖИЛОМ МАССИВЕ «АЗАТ» РЕШАЕТСЯ ВОПРОС ИНФРАСТРУКТУРЫ

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА- 30 КІТАП ШАРАСЫ ӨТТІ

azatmedia

Жылыжай тәжірибесі оң нәтиже көрсетті

azatmedia

Пікір қалдыру