Жаңалықтар

Төрт түлікке жарық шағылыстыратын мойындық тағылады

Түркістан облысы Созақ ауданында осындай тың бастама қолға алынды»- деп, хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өйткені күн бата көлік иелері жол бойында жайылып жүрген төрт түлікті әрең көріп, жол көлік оқиғалары жиі орын алуда. Ал, тағылған жарық алқаның арқасында жүргізушілер мал басын 400 метр жерден байқай алады. Апаттың алдын алуға бағытталған әрекет «Мал – жан Аман» акциясы аясында ұйымдастырып отыр.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында аудан әкімдігі ұйымдастырған шараға «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ демеушілік жасап, өтеусіз негізде 15 мыңға жуық жарық шағылыстырғыш таспаларды беріп отыр.

Осыған орай жергілікті тұрғындардың қатысуымен жиналыс өтті. Жиында сөз алған Созақ ауданының әкімі Салыхан Полатов аймақта мал саны артуына байланысты, түнгі уақытта жолға малдың шығып кетуінен оқыс оқиғалар да жиі орын алатындығын айтты.
Шараны халық арасында насихаттау жұмыстары ауылшаруашылық бөлімі, ветеринария мамандары мен жергілікті полиция қызметкерлеріне тапсырылған. Тұрғындар да өз тараптарынан қауіпсіздік шарасына мүдделі екендерін танытты.

Қатысты жаңалықтар

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІН ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ ТАЛҚЫЛАДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БІР ЖЫЛДА ХАЛЫҚ САНЫ 31,6 МЫҢ АДАМҒА ӨСТІ

azatmedia

ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

azatmedia

Пікір қалдыру