Жаңалықтар

Сарыағаштағы шу: сатушылар неге наразы?!

Сарыағаш

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданындағы «Алып» және «Дәулет» базарының сатушылары билік өкілдерінің әрекетіне наразылықтарын білдірді, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық портал тілшісі.

Сарыағаш қаласында орналасқан «Алып» және «Дәулет» базарларының арасын жалғайтын Рамадан каналының екі көпірін бұзған билік өкілдеріне сатушылардың өкпелері қара қазандай. Олардың айтуынша, демалыс күнді пайдалаған жауапты сала мамандары екі көпірді ешқандай да ескертусіз бұзып тастаған.

Аталған көпір арқылы күніне 4-5 мыңға жуық адам өтеді екен. Оның бұзылуы арба сүйреп нәпақасын тауып жүрген азаматтарға да қиындық туғызуда. Ал әкімдік қызметкерлері аталған көпірді басқа орынға орнатуды көздегенін жасырмады. Сондай-ақ көпірді алу үшін ешкімнен ешқандай рұқсат алудың қажеті жоғын да айтты.

«Көпірі бар, бас шлюз гидроқұрылғысы бар, барлығы – су шаруашылығы саласында. Яғни анда қоямыз ба әлде, мында қоямыз ба, ол өз құзыретімізде», – деді жауапты маман.

«Көпірді алу мәселесі Сарыағаш қаласы әкімдігімен келісілген» деп уәж айтқан маманың сөзін қала әкімінің орынбасары жоққа шығарды.
Айта кету керек, алдағы уақытта су қорғау аймағында орналасқан нысандардың барлығы түгел бұзылатын болады.

Қатысты жаңалықтар

Масыл болма, асыл бол!

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫС ӘКІМІ БӘЙДІБЕКТІ ДАМЫТУДАҒЫ КЕМШІЛІКТІ ЖОЮ, ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖҰМЫСЫН КҮШЕЙТУДІ ТАПСЫРДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру