Басты жаңалықтар

Ерлі-зайыптылардың ажырасуы бойынша Қазақстан әлемде тоғызыншы орында

Ажырасу

Еліміздегі әрбір үшінші жұп жарасымды өмір сүріп кете алмайды екен, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.

Жолдауда айтылған «Аңсаған сәби» бағдарламасы осы жас отбасылардың шаңырағын шайқалтпай сақтап қалуына ықпал етеді. Алматы облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Несіпжамал Баймәдиева осындай пікірде. Ұйым жетекшісі жас жұбайлардың айырылысуына тұрмыстық жағдайлармен қатар баланың болмауы да әсер етеді дейді. Медициналық көмекке мұқтаж жанұяларға квота берілсе, шаттыққа кенелген жандардың қатары көбейе түсетініне сенімді.

«Президенттің «Аңсаған сәби» жобасы жастар үшін бала сүйе алмай жүрген жастар үшін сүйінші хабар деп есептеймін. 7 мың квота бөлініп отыр. Бұл материалдық жағдайы төмен отбасы үшін өте қажет деп ойлаймын»- деді, Несіпжамал Баймәдиева, облыстық ҚХА жанындағы аналар кеңесінің төрайымы

Қатысты жаңалықтар

Көптоғайдағы дау. Шекарашылар неге қоршау орнатылып жатқанын түсіндірді

azatmedia

Әлемдегі ең ақылды адамдардың қатарына кірген қазақ туралы не білеміз?

azatmedia

Болат Назарбаевтың қоры осымен үшінші мешітті пайдалануға берді (ВИДЕО)

azatmedia

Пікір қалдыру