Басты жаңалықтар

Коронавирус канализация жүйесі арқылы тарайтыны анықталды

Канализация

Қытайлық ғалымдар коронавирус кәріз жүйесі арқылы тарайтынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы Tengrinews.kz Bloomberg-ке сілтеме жасап.

Зерттеушілер вирус құбырдан кішкентай бөлшектер арқылы өтетініне көз жеткізу мақсатында тәжірибе жүргізген. Нәтижесінде аэрозоль бөлшектері 10 және 12 қабаттан анықталған.

Environment International журналында жарияланған материалды зерттеуге ешкім тұрмайтын пәтердің жуынатын бөлмесінде коронавирус қоздырғышының анықталуы себеп болған.  

Ақпанда ғалымдар коронавирустың құбыр арқылы тарауы мүмкін екенін айтқан. Зерттеу жұмысын жүргізгеннен кейін бұл теория дәлелденген. 

Коронавирус қоздырғышы анықталған жуыну бөлмесі COVID-19 жұқтырған науқастар тұратын пәтерден жоғары үйде орналасқан. Зерттеушілер вирус құбырдан кішкентай бөлшектер арқылы өтетініне көз жеткізу мақсатында тәжірибе жүргізген. Нәтижесінде аэрозоль бөлшектері 10 және 12 қабаттан анықталған.  

Бұған дейін 17 жыл бұрын Гонконгте атипиялық пневмонияның тарауына да су құбыры себеп болған. Ол кезде ауруды үйдің 329 тұрғыны жұқтырып, 42 адам қайтыс болған.   

Қатысты жаңалықтар

«Енем өтірікші әйел»: Бір ай бұрын тұрмысқа шыққан Мөлдір ажырасқалы жатыр

azatmedia

Аймағамбетов «Әліппе», «Ана тілі» пәндерін қолданысқа қайта енгізуге күш салып жатыр

azatmedia

Қазақстанда бірнеше банк жабылу алдында тұр

azatmedia

Пікір қалдыру