Басты жаңалықтар Саясат

ҚР президентінің халыққа Жолдауы

Тоқаев

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялады деп хабарлайды Azatmedia.kz

  • Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Мемлекет басшысына сөз берді.
  • Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің жаңа сессиясын ашты. «ҚР Конституциясының 59-бабына сәйкес, 6-шы шақырылымдағы Парламенттің 6-шы сессиясын ашық деп жариялаймын», – деді ҚР Президенті
  • Президент: Коронавируспен күресте дәрігерлерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, еріктілерге, кәсіпкерлерге және осындай жағдайға бей-жай қалмаған барлық азаматқа шын жүректен алғыс айтамын.
  • Үкімет жіберілген қателіктерден сабақ алып, жұмысты жедел жолға қоя білді – ҚР Президенті
  • Қасым-Жомарт Тоқаев: Пандемиямен күрес жөнінде кешенді бағдарлама әзірленеді. Мемлекет тарапынан әлеуметтік саладағы және экономиканы қолдауға бағытталған барлық міндеттемелер орындалатын болады. Бұл мақсатқа Ұлттық қордан 1 трлн теңге бөлінуде.
  • Әлеуметтік төлемдерды индексациялау жұмысы жалғасын табады. Осы бағытта 2023 жылға дейін шамамен 1 трлн теңгеден астам қаржы бөлу жоспарланып отыр.
  • Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттік құру жөнінде шешім қабылдадым – Президент.
  • Мемлекеттік аппарат пен квазимемлекеттік сектор қызметкерлерін қысқарту мерзімін жетелдетуді тапсырамын – Мемлекет басшысы.
  • Шенеуніктерді 25 пайызға қысқарту мақсатын 2021 жылы шешеміз – Президент
  • Қазіргі өзгермелі әлемде шешім қабылдаудың баяулығы ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді. Сондықтан, құқықтық саясат тұжырымдамасы аясында заңнаманы өзгерту арқылы құқықтық регламенттеу деңгейлері арасында балансты қамтамасыз ету керек. Мұны кешіктіруге болмайды!
  • «Еліміздің жаңа экономикалық курсы 7 негізгі ұстанымға негізделуі қажет», – деді Президент.
  • Ұзаққа созылған мұнай суперциклі аяқталған тәрізді. Енді әлемдік нарықтың түбегейлі жаңа конъюктурасына дайын болу керек – Мемлекет басшысы.
  • 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап факторлы-балдық шкаланы енгізу керек – Президент
  • «Қазақстанның алдында тұрған аса маңызды міндет – өнеркәсіптік әлеуетімізді толық пайдалану. Осы саладағы табыстарымызға қарамастан ішкі нарықтарымыздың зор мүмкіндіктерін әлі де толыққанды жүзеге асыра алмай келеміз», – деді Президент
  • Жеріміз шетелдіктерге сатылмайды.
  • «Үкіметке бизнеспен бірлесіп АӨК-тің бесжылдық дамуы жөніндегі сапалы жаңа ұлттық жобаны әзірлеуді бастауды тапсырамын. Біздің негізгі міндетіміз – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өзіндік қамтамасыз ету», – деді ҚР Президенті
  • Электр энергетикасы, кәсіп саясаты туралы бірізді заң жыл соңына дейін әзірленуге тиіс.
  • «Келесі – бизнес климат. Реттеуші сала әлі де ебедейсіз, тіпті жазалаушы болғандықтан, бұл сала реформаларға мұқтаж. Реттеуші саясаттың негізгі принциптері өзгертілуі тиіс», – деп атап өтті Мемлекет басшысы.
  • «Келесі жылы ШОБ қызметінің жаңа нормативтік-құқықтық базасын жетілдіруді тапсырамын. Мемлекеттік құрылымдардың кәсіпкерлік қызметке кез келген заңсыз араласуы, бизнесмендер жұмысына кедергі келтіруі мемлекетке қарсы аса ауыр қылмыс деп қабылдануы тиіс», – деді Қ.Тоқаев
  • «Ұлттық банк құрылымында Ақша-несие саясаты жөніндегі комитет құру жөнінде шешім қабылданды. Оның құрамына тәуелсіз мүшелер кіреді. Біз ұлттық табысты қайта бөлу маңыздылығын айтып отырғандықтан, бүкіл ел азаматтары үшін түсінікті салық саясатын дамытуымыз керек», – деп мәлімдеді Президент
  • «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың жаңа тұжырымдамасын әзірлейтін кез келді. Парламент сол бойынша сәйкес заңдар жиынтығын қабылдайды», – деді Президент.
  • Ауыл әкімдерін тікелей сайлауды өткізуге болады деп ойлаймын – Қасым-Жомарт Тоқаев.
  • «Үкімет өнеркәсіп пен ИТ-сала арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты реттеуі тиіс. Бұл әрбір саланың цифрлы экожүйесінің қозғаушы цифрлы технология платформаларын қалыптастыруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.
  • «Мемлекеттік қызметшінің немесе квазимемлекеттік мекеме басшысының қос азаматтығы анықталған жағдайда олар қызметінен босатылады», – деді Президент.
  • Мемлекет басшысы: 2021 жылдан бастап мемлекеттік қызметшілердің, депутаттардың, судьялардың шетел банктерінде есепшотқа ие болуы, қолма-қол ақша және бағалы заттар сақтауына қатысты жемқорлықпен күрес аясында жаңа шектеулер енгізу керек.
  • «Адам құқықтарын қорғау бойынша жаңа шаралар қабылдау өте маңызды. Мен үшін бұл – басым бағыттағы шешілуі тиіс проблема. Бүкіл әлем сияқты, Қазақстан да азаматтардың интернетте қудаланудан қорғалмау жағдайына тап болды. Бұдан бірінші кезекте балалар зардап шегеді, өкінішке қарай, олар интернеттегі қудалауды ерекше жақын қабылдайды, оның салдыра қайғылы жағдайға әкеліп соғады», – деп мәлімдеді Президент.
  • Президент: Қоғамдық кеңестердің рөлін арттыра түсу керек. Оларды сатып алуды ұйымдастыратын комиссиялардың жұмысына тарту қажет. Сондай-ақ, квазимемлекеттік секторда қоғамдық кеңестер құру мүмкіндігін қарастыру керек.
  • «ІІМ құрылымын бейінді емес функциялардан босатып, қайта қарастыру қажет. Бұл осы маңызды ведомство жұмысының тиімділігін арттырады. Табиғи және техногендік апаттар дәуіріне енгенімізді ескере отырып, Төтенше жағдайлар министрлігін қайта құру қажет деп санаймын», – деді Президент.
  • «Учаскелік инспектордың мәртебесін заңнамалық тұрғыда көтеріп, оған нәтижелі жұмыс істеу үшін мүмкіндік беру керек. Ол азаматтарға таныс, қолжетімді және беделді болуы керек», – деді Мемлекет басшысы .
  • Президент: Қылмыстық және қылмыстық-процесуалдық заңнаманың тұрақтылығын қамтамасыз ету маңызды. Оны жиі түзетулер мен өзгерістер енгізу құқықты қолдануға кері ықпал етеді және біркелкі тергеу және сот практикасын жасауға мүмкіндік бермейді.
  • «Пандемия сирек мамандықтардың дәрігерлерін, эпидемиологтарды, инфекционистерді, реаниматологтарды және кардиологтарды әзірлеу мәселесін төтесінен қойды. Үкіметке шамамен 10 жылға медициналық мекемелерді кадрлармен қамтамасыз ету бойынша ұзақ мерзімді болжам жасауды тапсырамын», – деді Мемлекет басшысы.
  • «Үкімет бастапқы медициналық көмекті ұйымдастыру тәсілдерін қайта қарауы қажет. Ол барынша мобильді әрі халықтың барлық тобына, оның ішінде ауыл тұрғындарына қолжетімді болуы керек. Шалғай өңірлердегі көліктік медицинаны жаңғырту жөнінде шаралар қабылдау қажет», – деді Президент.
  • Қасым-Жомарт Тоқаев: Тағы бір мәселе – медициналық инфрақұрылымды дамыту. Жыл соңына дейін ел аумағында 13 жаңа жұқпалы аурулар ауруханасы салынады. Ал 2025 жылға қарай Денсаулық сақтау саласына арналған 20 заманауи көпсалалы нысан пайдалануға беріледі. Бұл осы мақсатқа орай 1,5 трлн теңгеге жуық инвестиция тартылады деген сөз. Елбасының бастамасымен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында екі көпсалалы медициналық орталық салынады. Бұл орталық – еліміздің беткеұстар салалық мекемелеріне айналып, инновациялық өсімге және қолданбалы медицинаның дамуына тың серпін береді.
  • Президент: 2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы экономикадағы орташа жалақыдан екі есе жоғары болады.
  • «Отандық фармацевтика саласын аяғынан тік тұрғызу керек. Барлық дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар Қазақстанда өндірілуі тиіс. Бұл – ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Келесі жылдан бастап осы бағытта нақты нәтиже күтемін», – деді Мемлекет басшысы.
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке үздіксіз білім беру тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды. «Бұл құжатта бейресми білімнің баламалы нұсқаларын белсенді енгізуді, өзіндік оқудың нәтижесін мойындауды, кәсіби дағдыларды сертификаттауды қарастыру керек», – деді Мемлекет басшысы.
  • Президент Үкіметке елдің Әлеуметтік кодексін әзірлеуге кірісуді тапсырды. «Әлеуметтік төлемдерді цифрландыру бойынша шаралар қабылдануы керек. Ол үшін азаматтың цифрлы әлеуметтік әмиянын енгізіп, сондай-ақ тиісті тауар өткізуші жүйені құру қажет», – деп мәлім етті ҚР Президенті.
  • Білім саласындағы басты мәселенің бірі – ұстаздар жалақысының аздығы. Мен 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің еңбекақысын 25 пайызға көбейту жөнінде шешім қабылдадым. Жалақы мөлшері алдағы уақытта да арта береді. Бұл мақсатқа алдағы үш жылда қосымша 1,2 трлн теңге бөлінеді – Президент.
  • «Қашықтан оқыту ісін ұйымдастыруда Үкіметтің жіберген қателіктерін жақсы білеміз. Ашығын айтқанда, «Әлі күнге дейін нақты бір онлайн платформа жоқ», – деді Мемлекет басшысы.
  • «2021 жылдан «Аңсаған сәби» жобасын іске қосуға тапсырамын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
  • 2021 жылы 700 мың БЖЗҚ салымшысы жинақтарын баспана сатып алуға ала алады – Мемлекет басшысы.
  • «Президентке тікелей қарасты бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі агенттік құруды тапсырамын. Тең бәсекелестікті дамытуда экономиканы мемлекет иелігінен шығару маңызды рөл атқарады», – Президент.
  • Бәсекелестік саясаты аса маңызға ие. Бәсекелестік саясатын түрлендіріп, әр кәсіпкерге тең мүмкіндіктер беру қажет.
  • Мемлекеттік органдарға бюджеттік дербестік беру қажет. Бұл мәселелерді жедел шешуге, ұжымдық жауапсыздық пен қағазбастылықтан арылуға мүмкіндік береді. Алайда оның қатаң сұрауы болуы тиіс
  • Құрметті отандастар! Алдымызда күрделі әрі ауқымды міндеттер тұр. Соларды табысты жүзеге асыру үшін тың тәсіл, жаңаша ойлау, жалпыұлттық ынтмақ және өзара қолдау қажет. Біздің стратегиялық бағытымыз айқын, түйткілді тұстарымыз бен кемшіліктерімізді жақсы білеміз. Бүгін мен бүкіл қоғам алдында дағдарыс жағдайында атқарылатын іс-шаралар жоспарын баяндадым. Оның жемісті жүзеге асуы әрқайсысымызға байланысты. Баршамыз өз-өзімізді дамытуға күш салуымыз керек.

«Замана сынағы бізден үздіксіз қозғалысты, мықты күш-жігерді және табанды еңбекті талап етіп отыр. Сондықтан еліміздің бақытты әрі жарқын келешегі әр азаматтың қажырлы қызметіне байланысты болмақ. Әр буынның маңдайына түрлі сынақ жазылған. Біз төл тарихымызда тағдырдың түрлі сынынан әрдайым сүрінбей өттік. Еліміз ең күрделі деген міндеттерді шеше алады. Біз бұған дайынбыз», – деді Президент.


Қатысты жаңалықтар

Қазақтар мен күрдтер арасында жаппай төбелес болды (Видео)

azatmedia

5 қарашадан бастап қатаң карантин енгізіледі

azatmedia

Қазақстанның жарық жұлдызының уәдесінде тұрмай, алдап кеткені рас па?

azatmedia

Пікір қалдыру