Соңғы жаңалықтар

Түркістан: Қазығұртта мектебінің қосымша ғимараты оқу жылына дайын

Қазығұрт

Қазығұрт елді мекеніндегі «Ащыбұлақ» жалпы орта мектебі 2005 жылы пайдалануға берілген. Оның жалпы сыйымдылығы 270 оқушы, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы


Облыстық бюджеттен қосымша ғимарат құрылысы жұмыстарына қаржы қаралып, 2019 жылы маусым айында мектепте құрылыс жұмыстары басталды. Қосымша құрылыстың жалпы көлемі 3400 шаршы метр. Сыйымдылығы 150 оқушы. Қосымша құрылыста спортзал, асхана, кітапханалар жаңадан салынды. Құрылысты жүргізген компания «MD Construction Ltd» ЖШС-і 337,865 млн. теңгеге жұмыс атқарып, тамыз айында толық аяқтады.


Ащыбұлақ мектебінде жалпы 559 оқушы болатын болса, оның 271 оқушысы 1-4 сыныптар аралығында, қалған 289 оқушы 5-11 сынып аралығында оқиды. Қазіргі таңдағы бүкіл әлемде болып жатқан пандемияға байланысты қашықтықтан мектепалды даярлық топ және 5-11 сынып оқушылары қашықтықтан білім алу қарсаңында тұр. 1-4 сыныптар арасында 80 оқушының ата-анасының өтінішімен 7 топта кезекші топ білім алу қарсаңында отыр. Аталған 7 топқа барлық санитарлық талаптарға сай жағдайлар жасалынды.


Мектеп кіреберісіне дезинфекциялық өткел қойылды. Арнайы антисептиктер орнатылды. Барлық кабинеттер санитарлық талаптарға сай. 1 қыркүйектен бастап оқушылар ара қашықтықты сақтай отырып, білім алатын болады.

Қазығұрт ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

Ақтөбелік сынықшы шыққан қолды онлайн салып береді

azatmedia

ТЕМІРЛАНДА АШЫҚ АСПАН АСТЫНДАҒЫ ӨНЕР ГАЛЕРЕЯСЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

azatmedia

КРЕДИТ ҚАЙТАРУҒА ЖАҒДАЙ КЕЛМЕСЕ, НЕ ІСТЕУ КЕРЕК — ЗАҢҒА ӨЗГЕРІС ЕНГІЗІЛДІ

azatmedia

Пікір қалдыру