Ақпарат Қоғам

Қазақтардың намысына тиген фильмнің жалғасы шықпақ: «Борат-2» туындысының түсірілімі басталды

Борат

Атышулы «Борат» фильмінің жалғасы түсірілімінің басталуы жайлы сыбыстар пайда болды. Әлеуметтік желі қолданушылары кейіпкердің рөлін сомдаған Саша Барон Коэнді түсірілімге қатысып жүргенін жарыса жазуда, деп хабарлайды Azatmedia.kz Neonomad.kz сайтына сілтеме жасап.

TikTok-тың калифорниялық қолданушысы актерді танымал Бораттың костюмімен көлік айдап бара жатқанын, онымен бірге түсірілім тобының жүргенін көргенін айтады.

Қазақстандық журналист Борат Сагдиев – британдық әзілкеш Саша Барон Коэн ең әйгілі рөлі. 18 миллион долларға түсірілген фильм кинотеатрларға жол тартқаннан кейін 261 миллион доллар жинаған. Фильмнің желісі Қазақстанда өрбиді. Ал түсірілімнің өзі Румынияда болған. «Борат» фильмінің көрсетлімі Ресейде, Қазақстанда және бірқатар ислам мемлекеттерінде тыйым салынған.

Ең сорақысы, бұл туындыдағы басты кейіпкердің рөлін сомдаған Коэн дәрежелі «Алтын глобус» марапатын жеңіп, фильмнің өзі болса «Оскарға»  номинацияланған. «Бораттың» жалғасы туралы әңгімелер сонау 2007 жылдан бері айтылып келеді. Ал Коэннің осы фильмнен кейін бағы жанып, басқа да киноларға түсіп үлгерген.

Фильмнен бөлек, әртіс екі рет «Бораттың» образында американдық ток-шоуларға қатысыпты. Жоба жетекшілері «Борат» фильмінің түсірілімі жайлы жақ ашпауды шешкен. Ал оны жасыру үшін Коэн «қызғылт трансгендерлердің киімін» киюге дейін барыпты.

Қатысты жаңалықтар

Жүрегіңе құлақ түр…

azatmedia

Мемлекеттік патернализм

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ЖАҚСАРЫП КЕЛЕДІ

azatmedia

Пікір қалдыру