Санатталмаған

Мәжіліс дептутады Келес ауданының тұрғындарын ауызбіршілікке шақырды

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, Мәжілістегі Экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитетінің мүшесі, «Nur Otan» партиясының фракция мүшесі Махамбетов Мансұрхан Махамбетұлы Келес ауданында болып, аудан активі, мәслихат депутаттары және бастауыш партия ұйымдары төрағаларымен кездесу жиынын өткізді.


Кездесу жиынын аудан әкімі, «Nur Otan» партиясының Келес аудандық филиалы төрағасы Есбаев Ақментай Үсенұлы ашып, Парламент Мәжілісінің депутаты М.Махамбетов сөз алды.
Мәжіліс депутаты өз кезегінде жиналған қауымды ауданның жаңадан құрылуымен құттықтап, Парламент мәжілісінде 2019 жылы атқарылған жұмыстарды баяндап, биылғы жылы қолданысқа енгізілген «Мұғалімдер мәртебесі» туралы Заңға, әкімшілік және қылмыстық кодекстеріндегі енгізілген мал ұрлығы мен жүргізушілерге күшейтілген жазаны қатаңдату туралы өзгерістерге, сонымен қатар, ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласына кеңінен тоқталып, зиялы қауым мен үкіметтік емес ұйымдарды бюджет қаражатының жұмсалуы мен бюджет есебінен атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына қоғамдық бақылауды күшейтуге, ауданда атқарылып жатқан оңды істерді халыққа жеткізуге және елді ауызбіршілікке шақырды.


Жиын барысында аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Ш.Сәрсенұлы ауданда ауылшаруашылығын дамыту мақсатында игерілмей жатқан жерлерге су шығару су сорғыш насостар орнатуға және оны субсидиялауға республикалық деңгейде қарап, қаржы бөлу мәселесін көтерсе, аудандық мәслихат депутаты, фракция мүшесі С.Селтанов 2015 жылы Сарыағаш ауданы тұсында елді мекендерді газдандыруға бөлінген 300 млн теңге қаржы аяқсыз қалғанын, дегенмен бүгінгі таңға аудандық бюджеттен қаржы қайта бөлініп, жұмыс басталғанын жеткізді.


М.Махамбетов ауыл шаруашылығын дамыту ел экономикасының негізгі драйвері екенін, жерді игеру, құнарлылығын көтеру және мал өнімін арттыру мәселелері бағытында электр энергиясының қымбаттылығын айтып, бұл мәселе бойынша Үкіметпен біргелікте жұмыс жасалып жатқанын және өзінің де бақылауында екенін жеткізді.


Депутат С.Селтановтың сұрағы бойынша аудан әкімі А.Есбаев Сарыағаш ауданы тұсында 2015 жылы магистарлды газ құбырын тарту бойынша мердігер анықталып, жұмыс басталғанын, дегенмен мердігердің жауапкершілік танытпағаны себепті мердігермен келісім-шарт тоқтатылып, 2 жылдан бері жұмыс тоқтап тұрғанын айтып, қазіргі таңда жобаға қайта корретировка жасалып, экспертизада жатқанын және облыстық бюджеттен қосымша қаржы сұралып отырғанын, алдағы уақытта бұл жұмыс өз шешімін табатынын жеткізді.

 

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 64 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА ТҮРЛІ ДАҚЫЛДАР МЕН МАЛ АЗЫҒЫ ЕГІЛГЕН

azatmedia

КЕНТАУДА МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢДАРЫНЫҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

azatmedia

ШАРДАРА АУДАНЫНДА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ЖАЛҒАЙТЫН ЖАҢА ЖОЛ ТӨСЕЛІП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ, ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАРДЫҢ САПАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНЫП, ЖҰМЫС ЖАНДАНА ТҮСТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҮГЕРІНІ ТЕРЕҢ ӨҢДЕЙТІН ІРІ ЗАУЫТ САЛЫНУДА

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 ГЕКТАР АУМАҚТА ЕРЕКШЕ ЭКОПАРК САЛЫНЫП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру