Әлем жаңалықтары

Президент журналиспен төбелесе жаздады

Бразилия президенті Жаир Болсонару ыңғайсыз сұрақ қойған журналистке қол көтере жазады, – деп хабарлайды azatmedia.kz. Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

O Globo бразилиялық газетінің мәліметінше, оқыс оқиға өткен аптаның жексенбісінде болған. Аудиожазбаға қарағанда, журналист президенттен әйелі Мишель Болсонарудың сыбайлас жемқорлық істеріне қатысы бар-жоғын сұраған.

«Мен сенің бетіңнен ұрғым келіп тұр», – деп Жаир Болсонару сұраққа жауап берген.

Осы сәтте, басылымның мәліметінше, президент пен журналист сөзге келіп қалған. Кейін Жаир Болсонару тілшілердің сұрағына жауап бергісі келмей, оқиға орынан асығып кетіп қалған.

O Globo тілшісінің сұрағы газетте жарияланған Бразилиядағы жемқорлық мақаласымен байланысты болған екен. Онда Жаир Болсонарудың әйелінің есепшотына ұлдарының бірінің бұрынғы кеңесшісі 12 мың доллардан аса (5 миллион теңге) ақша аударғаны жазылған.

Қазіргі таңда президенттің тұңғыш ұлының экс-кеңесшісі қамауға алынып, оның үстінен заңсыз банк операциялары бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Қатысты жаңалықтар

Әлемдегі ең танымал 10 тіл анықталды

azatmedia

ШОК! Әкім мен көңілдесінің жалаңаш суреті желіні жарды (Фото)

azatmedia

18 жасқа толмағандарға Вакцинаны егуге болмайды

azatmedia

Пікір қалдыру