Ақпарат

Танымал журналист халықты кімдер басқарып отырғанын ашық айтты

Бекболат Тілеухан

Белгілі журналист Дина Елгезек пікірінше халықты кекетіп жүрген халық қалаулыларының көпшілігі “Нұр Отанның” шекпенінен шыққан.  

Оның айтуынша халықты басқарып отырған азаматтардың ел пікірімен санаспауы мемлекетті кері кетіретін қауіпті үрдіс. Журналист бұл туралы желідегі парақшасында жазды деп хабарлайды Azatmedia.kz Dalanews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Шабалаңдама, жаман қатын», – дейді бір депутат ашынып алаңға шыққан анаға…

Тағы бір депутат: «депутаттықты 100 мың долларға сатып алдым»- деп саунада қырғын шығарады…

Енді бір депуттар легі жуырда радикал ұлтшылдарға қарсы соғыс жариялады! Жоқ жаумен алысқан тура Дон-Кихоттар армиясы дерсің.

Тағы бір депутаттың қарғысын есітіп, күллі халық жағасын ұстады…

Және ең қауіптісі, бұлардың бәрі «Нұротанның» таңдаулы тұлғалары… Бұлар кімдер өзі? Рэкет пе, экстремист пе, шовинист пе?

Бізді кімдер басқарып отыр?

Елдің дамуын тежейтін өте қауіпті тенденция… «Ауғанстанға апарар жолдың» төте бағыты…”, – дейді Дина Елгезек.

Бұдан бұрын журналист президент көмекшісі Ерлан Қаринге сауал қойып, билікті қолдау мен мемлекетшілдікті шатастырмауды сұраған. 

“Ұлтшылдық рухы жаншылған ұлтта мемлекетшілдік идеясы идеологияның түп қазығы бола алмайды!

Және мемлекетшілдік дегеніміз – билікті қолдау ғана емес, ел тағдырына алаңдау, билікке конструктивті сын айту. Оппозициялық бағыттағы халықты мемлекетшіл емес деп айып тағуға болмайды!”, – деген еді журналист.

Қатысты жаңалықтар

Ауылшаруашылығы мәселесі

azatmedia

Экс-президент жиенінің өлімі Назарбаев әулетінің алдынан шыға бермек

azatmedia

Патерналистік және патерналистік емес модельдер

azatmedia

Пікір қалдыру