Санатталмаған

ТҮРКІСТАНДЫҚ КӨКӨНІСТЕР ЭКСПОРТТАЛА БАСТАДЫ

AzatMedia.kz. Жетісайлық диқандар қырықабаттың алғашқы 50 тоннасын Ресейдің  Воронеж, Санкт-Петербург, Уфа қалаларына жөнелтті. Бұдан бөлек Жылы су ауылдық округінің диқандары да қырыққабаттарын еліміздің Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларына тасымалдауға кірісті. Аудан бойынша 11361 гектар аумаққа бақша дақылдары егілсе, 1500 гектарға көкөніс егілген. 

Биыл Түркістан облысында 825 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын егу межеленіп отыр. Картоп, көкөніс, бақша дақылдарының егіс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 3,2 мың га, мал азықтық дақылдар 11,6 мың га жерге артып отыр. Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, көктемгі дала жұмыстарының барысы қарқынды.

Қазіргі сәтке 159 мың га алқапқа жаздық дақылдар егілген. Өңірде барлық жер жырту жұмыстары толығымен орындалған. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге алдын-ала арзан бағамен жанармай бөлінген. Минералды тыңайтқыштар да жеткілікті. Айта кетерлігі, бір алқаптан жылына 2-3 рет өнім алу жобасы биыл да барынша жүзеге асырылады. Тәжірибе көрсеткендей, бұл жобаның арқасында 2 – 2,5 есеге артық өнім алуға болады. Қазірдің өзінде 1273 шаруа қожалық бірінші ерте пісетін көкөніс дақылдарының өнімін жинауға кіріскен.

Сонымен қатар, диқандар жылыжайларға қияр, қызанақ егіп, жемісін көруде. Ал, ерте пісетін қырыққабаттан сәуір-мамыр айларында 300 мың тоннаға жуық өнім жинау жоспарланып отыр. Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан қырыққабаттың экспортына қойылған шектеу алынып тасталды. Соның арқасында еліміздің өзге өңірлеріне 50 мың тонна және Ресей Федерациясына 250 мың тонна өнім сату жоспарланып отыр. Мәселен, бүгінде Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Қарағанды облыстарына оңтүстіктен қырыққабат, қызанақ, қияр өнімдері жөнелтілді.

Сондай-ақ, қабылданған карантиндік шараларға байланысты тез бұзылатын өнімді блок-бекеттерден кедергісіз өткізу мақсатында «#BizBirgemiz Түркістан облысы азық-түлік өнімдері» атты логотип жасалып, әрбір жүк көліктерін фитосанитарлық және карантиндік сертификаттармен қамтамасыз ету қарастырылған. Арнайы логотипі бар көліктер блок-бекеттерден кедергісіз өтеді.

 

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 64 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА ТҮРЛІ ДАҚЫЛДАР МЕН МАЛ АЗЫҒЫ ЕГІЛГЕН

azatmedia

КЕНТАУДА МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢДАРЫНЫҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

azatmedia

ШАРДАРА АУДАНЫНДА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ЖАЛҒАЙТЫН ЖАҢА ЖОЛ ТӨСЕЛІП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ, ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАРДЫҢ САПАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНЫП, ЖҰМЫС ЖАНДАНА ТҮСТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҮГЕРІНІ ТЕРЕҢ ӨҢДЕЙТІН ІРІ ЗАУЫТ САЛЫНУДА

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 ГЕКТАР АУМАҚТА ЕРЕКШЕ ЭКОПАРК САЛЫНЫП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру