Санатталмаған

ЖЕКЕ КӘСІПКЕР 700 ҚАП ҰНДЫ ТЕГІН ТАРАТПАҚ

AzatMedia.kz. Еліміздегі Төтенше жағдай кезеңінде Мақтаарал ауданының кәсіпкерлері белсенділік танытып, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасыларға түрлі көмектер көрсетуді жалғастыруда.

Осы орайда Атакент кентінің тұрғыны, «Пионер грайн продукт» жауапкершілі шектеулі серіктестігінің Мақтаарал, Жетісай, Келес, Сарыағаш аудандарындағы өкілі, жеке кәсіпкер Тоқжігітов Нұржан Ермаханұлы мұқтаж жандарға тегін тарату үшін 700 қап ұнды аудандық кәсіпкерлік бөлімі тарапынан дайындалған қоймаға табыстады.

Қазіргі уақытта ұнды тарату үшін кенттер мен ауылдық округ әкімдіктері тарапынан мұқтаж отбасылардың тізімі жасақталуда. Жалпы салмағы 17,5 тоннаны құрайтын ұн Мақтаарал ауданындағы 2 кент пен 9 ауылдық округтегі аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасыларға беріледі.

Бірінші сұрыпты, наубайханалық «Пионер» ұны қазіргі таңда еліміздегі ең сұранысқа ие өнімдердің бірі екені белгілі. Бұған дейін аудандық кәсіпкерлік бөлімі тарапынан бағаны тұрақтандыру мақсатында бірнеше рет түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, дүкендерде 8500 теңгеден сатылған бірінші сұрыпты «Пионер» ұны 7700 теңгеге түсірілген еді. Бұл игі шараға да меценат-кәсіпкер Нұржан Ермаханұлы ықпал етіп, жерлестері үшін үлкен көмегін тигізді.

«Нұржан сияқты кәсіпкерлеріміз барда еліміз ешқашан еңсесін түсірмейтіні белгілі. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев туған жерге туыңды тік деп айтты емес пе? Міне, елімізде төтенше жағдай орын алып, қиын-қыстау күн туғанда жерлестері үшін 700 қап ұнды тегін бере салу көбінің қолынан келе бермейді» – деді аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Өсер Мырзамдамов.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпаратына сүйенсек, аудандық кәсіпкерлік бөлімі тарапынан арнайы қойма дайындалып, ұннан бөлек макарон, май, қарақұмық, құмшекер сияқты ең қажетті азық-түліктер қоры жинақталуда.

Қатысты жаңалықтар

ҚАЗЫҒҰРТ: БЕРЕКЕЛІ ШАҢЫРАҚ – БЕРІК ҚОҒАМНЫҢ КЕПІЛІ

azatmedia

ҚАЗЫҒҰРТТА ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА 500-ДЕН АСТАМ ЖАС ДОМБЫРАШЫ БІР МЕЗЕТТЕ КҮЙ ТАРТТЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДАҒЫ ХАН МЕШІТІНІҢ ІШКІ ЭКСПОЗИЦИЯСЫ КЕЛУШІЛЕР НАЗАРЫНА ҰСЫНЫЛДЫ

azatmedia

ҚАЗЫҒҰРТ: ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – БІЛЕКТЕН, МЕЙІРІМДІ ІС – ЖҮРЕКТЕН

azatmedia

ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ТҮРКІСТАНДА ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ ЖОЛЫНДА: ТҮРКІСТАНДА ӨҢІРАРАЛЫҚ AI ХАКАТОН ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

azatmedia

В Туркестане открыт уникальный мурал в поддержку конституционной реформы

azatmedia

Пікір қалдыру