Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ КОРОНАВИРУСТЫҢ ТАРАЛУЫ ТӨМЕНДЕП КЕЛЕДІ

Бүгінде Шымкент қаласында covid-19 жұқтырғандардың репродуктивтілігі – 0,62% құрайды. Бұл республикадағы ең жақсы көрсеткіштердің бірі болып саналады.

Бұл жайлы қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Оның айтуынша, ковидпен күресте сүйенетін ең маңызды көрсеткіш – Rt санының репродуктивтілігі. Мұнда R – вирус жұқтырған адамның басқа адамдармен байланыс саны. Көрсеткіш 1 пайыздан көп болса, вирус таралуы жоғары деңгейде, ол көрсеткіш 1 пайыздан төмен болса, вирус жұқтыру төмен деңгейде деген сөз.

Айта кету керек, Шымкент қаласы әкімдігінде Мұрат Әйтеновтің тікелей басшылығымен коронавируспен күрес бойынша арнайы штаб құрылған болатын. Штаб мүшелерінің қатарында – денсаулық сақтау, полиция және қалалық басқармалардың өкілдері бар.

Осы орайда, өз жақындарыңыз бен туыстарыңыздың өміріне қауіп төндірмей, барлық талаптарды сақтануға шақырамыз.

Өйткені вирусты инфекцияға шалдыққан адамдардың санының одан әрі артуы немесе артпауы сіз бен бізге байланысты.

Қатысты жаңалықтар

Зейнеткерлер зейнетақы қорындағы қаржыны пайдалана алады

azatmedia

Сайлау күні қоғамдық пікірге сұрау салуды
кімдер жүргізетіні белгілі болды

azatmedia

ШЫМКЕНТКЕ СЕНАТОРЛАР МЕН ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ КЕЛДІ

azatmedia

Пікір қалдыру